12 жылдық білім беру бойынша Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне көшердің алдында дайындық жұмысын жүргізіп алуымыз керек. Өйткені инфрақұрылым, үш ауысымдағы және апаттық жағдайдағы мектептер проблемасы бар. Бүгінде оқулықтар, ұстаздар толық дайын деп айта алмаймыз. Сондықтан бұл мәселе бойынша асығыстық болмайды», – деді ведомство басшысы.
Осы орайда А. Аймағамбетов дайындық шаралары егжей-тегжейлі атқарылғаннан кейін ғана бұл жүйеге көшу басталатынын атап өтті.
«Бұл тұрғыда жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз», – деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы талқылау барысында ведомство басшысы Қазақстанда алдағы уақытта педагог даярлаумен нақты 20-30 жоғары оқу орны айналысатынын айтты.