Home Жаңалық Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

0

Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімсіз 1,7 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап Қазбілім хабарлайды.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде демография мен еңбек нарығына талдау жасады. Нәтижесінде, 2019 жылғы 3-ші тоқсанда Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылған, яғни ресми экономикада тіркелген, 3,35 миллион адам жоғары білімді және 3,74 миллион адам арнайы білімі бар адамдар, ал 1,68 миллион жұмыскердің тек орта білімі ғана бар.

Талдауға сәйкес, республикада тұратын 18,5 миллион адамның ішінде 9,2 миллион адам жұмыс күші санатына жатады, ал іс жүзінде 8,7 миллион адам жұмыс істейді, оның 6,7 миллионы – жалдамалы жұмысшылар.

«Халықтың басым бөлігі сауда, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында және өнеркәсіптің барлық түрлерінде – 4,8 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Сұранысы аз жұмыстар – сумен қамтамасыз ету және қалдықтарды жою, электрмен және энергиямен қамтамасыз ету, өнер және ойын-сауық саласы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар болып табылады. Бұл салалардағы қызметкерлердің жалпы саны шамамен 530 мың адамды құрайды», – дейді ЕРДО Еңбек ресурстарын болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін халықтың жартысынан астамы (733 мың) және саудамен айналысатын адамдардың үштен бір бөлігі (686 мың) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығымен айналысатын 600 мыңға жуық адамның тек орта білімі бар.

Жалпы алғанда, жұмыспен қамтылғандардың ішінде арнайы білімі жоқ – 1,68 млн. адам бар. 3,74 миллион адам орта кәсіптік білімге ие, ал қызметкерлердің үштен бір бөлігі – 3,35 миллион адам жоғары білімін мақтаныш тұта алады.

«Айта кетерлігі, жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі, 5,7 млн немесе 65% өз мамандығы бойынша жұмыс істейді, мамандығына сай емес емес – 20% және 1,3 млн. 15% арнайы білім алмаған», – деп атап өтті Дмитрий Шумеков.

Мамандық бойынша жұмыстың болмауы да жұмыссыздық деңгейіне де әсер етті. 442 мың жұмыссыздың 133 мыңы (30%) жоғары, ал 196 мыңы (44%) орта кәсіптік білімі бар.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version