22.11.2024

БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысында мұғалімді жұмысқа қабылдау үшін пара алған мектеп директорына үкім шықты, бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Теректі аудандық соты пара алған мектеп директорына ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес үкім шығарды. Сотталушыға параның 30 еселенген мөлшерінде, яғни 9 млн теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды.

Сот талқысында мәлім болғанындай, мектеп директоры педагогты жұмысқа қабылдау үшін пара талап еткен. Алайда ол қылмыстық іс-әрекетін аяғына дейін жеткізе алмады. Пара беруші әйел тиісті органдарға жүгініп, мектеп директоры қылмыс үстінде ұсталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА