Home Жаңалық Білім сапасын көтеру үшін мұғалімге жағдай жасауымыз керек – Бердібек Сапарбаев

Білім сапасын көтеру үшін мұғалімге жағдай жасауымыз керек – Бердібек Сапарбаев

0

Ертең Сенаттың жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

«Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бар. Ең негізгісі біз білімнің сапасын көтеруіміз керек. Ол үшін біріншіден, мұғалімдерге жағдай жасауымыз керек. Екіншіден, білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуымыз қажет. Ал ол үшін қазіргі таңда 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама Үкімет тарапынан бекітілді», – деді ол.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, мұғалімдердің жалақысы қаңтар айынан бастап орта есепен 25-30 пайызға өседі. 4 жылдың ішінде 2,5 есе артады. Ал Үкімет қабылдаған, бекіткен бағдарламаның арқасында мектепке дейінгі жастағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылады. 2025 жылға дейін үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептердің барлығы жойылады. Мектептер 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етіліп, интернаттар ашылады, қосымша спорт залдар салынады.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір Сенатта мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша ертеңгі отырыста ол қабылданатын шығар. Одан кейін Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі», – деді Бердібек Сапарбаев.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version