22.11.2024

ҚР БҒМ қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР БҒМ қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшті, арасында еңбек демалысына шыққандар да бар. Бұл шешім, ең алдымен, созылмалы ауруы бар, жасы зейнеткерлікке таяған және үйінде кішкентай балалары бар әріптестерге қатысты.

ҚР БҒМ 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес мектеп каникулы кезінде мұғалімдердің 100% және қашықтықтан оқыту барысында колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс.

Сондай-ақ кеше қосымша білім беру, ПМПК, КППК қызметкерлеріне қатысты қосымша шешім қабылданды. Қазіргі кезеңде оларды ақы төленетін еңбек демалысына жіберу ұсынылды.

Ата-аналар бүлдіршіндерін апармауды ұйғарған топтарда жұмыс істейтін мемлекеттік балабақша қызметкерлеріне де ақылы еңбек демалысын, жұмыскерлердің келісуімен беру қажет.

Сонымен қатар, білім беру және ғылым саласындағы басшыларды ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын мамандардан өзге барлық қызметкерлерін ақылы еңбек демалысына жіберуге немесе қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға тапсырма бердім.

Біз үшін азаматтарымыздың денсаулығын сақтауды ойлау және инфекцияның таралу тізбегін тоқтатуға күш салу маңызды.
Бұл ретте өзін-өзі оқшаулауды қамтамасыз ету, қоғамдық орындарға бармау өте маңызды.

 

Мнистрдің фБ жеке парақшасынан

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА