23.11.2024

1 сәуірде Қазақстан мектептері оқушыларға сынама сабақ өткізеді

1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«1 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде сынама жүргізіп, мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. Бейсенбі күні – 2 сәуірде ата-ана жиналысын өткізіп, жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйретеміз», – деді министр.

3 сәуір – жұма күні оқушылармен сынып сағаттары жүргізіледі. Онда да балаларға тиісті ақпарат беріліп, қашықтан оқу форматы туралы барлық сұрақтарға жауап беріледі.

«Осылайша, 6 сәуірде мектеп те, ата-ана да, құрылғылар да қашықтан білім беруге дайын болуы керек», – деді А. Аймағамбетов.

Бұған дейін министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынынмәлімдеген еді.

Барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 1450 колл-орталығына хабарласуға болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА