07.11.2024

Қашықтан оқытуда бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың қолдауы керек

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың қолдауы керектігін айтты.

Төртінші тоқсанды қашықтан оқытуға байланысты балаға бірінші апта қиын болатыны түсінікті. Осы жағдайда балаға ата-ананың қолдауы өте қажет. Сондықтан ата-ана баласына қолайлы жағдай жасап, үстелі мен оқу құралдарын бірге даярлап, эмоциялық әрі психологиялық жағынан көмектесуі керек. Көбіне бастауыш және орта буын оқушыларына ересектер өз тарапынан қолдау жасауы тиіс», – деді вице-министр онлайн брифингіде.

Сонымен қатар Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бүгін таңертең бастауыш сынып оқушылары білім беру жүйелерін белсенді пайдаланғанын айтты. Жалпы, оқушыға тақырыпты түсіндіру тек телесабақ кезіндегі 10 минуттық видеомен шектелмейді .

Бұдан бұрын хабарланғандай, қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерден есеп беру талап етілмейді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА