22.11.2024

Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді.

«Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», – деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.

Оның айтуынша, мұғалім жүктемесін азайту үшін құжаттар саны да қысқартылған.

«Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық», – деді А. Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА