22.11.2024

Білім министрлігі бірқатар басшыға жаза белгіледі

Педагог мәртебесі туралы» Заңы және ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы аясында Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткен. Сондай-ақ, Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзінің қызметіне жатпайтын функцияларды жүктеген.

«Мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақтылы төленбегені үшін Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, мектеп жөндеуге қаражат жинау фактісі бойынша Павлодар қаласының мектеп директоры жауапқа тартылды», – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында.

ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық департаментке хабарласқан жөн екендігін еске салады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА