22.11.2024

ҰБТ: ТЕЛЕФОН ПАЙДАЛАНҒАН «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ СЫНАҚ ЗАЛЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Ақтөбеде қосымша құрал, телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды. Бұл туралы “Түркістан” газеті хабарлады.

Ақтөбе облысы бойынша аудандарда ҰБТ тапсырып, алғашқылары сүрінді. Көбі «шпаргалка» пайдаланып, ұялы телефон алып кіргені үшін жазаланды.

«Осы жолы ұялы телефон, қосымша құралмен ұсталса, олар тамызда ақылы оқуға түсу сынағына да кіре алмайды. Өкініштісі – «Алтын белгі» иегерлері смартфон қолданғаны үшін залдан шығарды. Мәселен, Мұғалжар ауданында – 2, Алғада – 1 талапкердің көрсеткіші жойылды. Бүгін Ақтөбе қаласында 15 талапкер анықталды. Үшеуі «шпаргалка» қолданды, 12-сі телефон әкелген», – дейді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 6 мыңнан астам түлек мектеп тәмамдады.

Оның 5 мыңнан астамы тест тапсыруға өтініш берді.

«Санитария талаптарының сақталуы қатаң қадағаланды. Бір партада бір адам отырды. Ал аудиториялардың бәрінда бейнекамера бар. Үш камерамен бақылау еш қиындық туғызбайды», – деді Жанболат Тұртаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА