22.11.2024

ҰБТ-ның алтыншы күні 129 түлектің тест нәтижесі жойылды

26 маусым күні ҰБТ еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 80 пунктіде өтті. Тестілеуге жалпы 14 768 түлек қатысты, оның ішінде 11 223 адам – қазақ тілінде, 3 535 адам – орыс тілінде тест тапсырды.

75 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ 54 түлек тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды», – делінген ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, ҰБТ-ның бесінші күні 133 түлек тест тапсыру құқығынан айырылды.

ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады .

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Биылғы ҰБТ тапсыру кезіндегі ,балалардың шпорсыз,телефонсыз кіргендері балалардың,метептердің,ҰБТ ға дайындаймыз деп ашылып жатқан курстардың нәтижесін анық айқара ашып көрсетіп берді.Көп балалар проходной баллды әрең алды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА