07.11.2024

Күләш Шәмшидинова қазіргі білім жүйесіндегі ең негізгі деген үш кемшілікті атады

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын еңгізудің маңызы мен қазіргі білім беру жүйесінің кемшіліктері жайында айтты, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Күләш ШәмшидиноваКүләш Шәмшидинованың айтуы бойынша қазіргі білім жүйесінде ең негізгі деген үш кемшілік бар:
– Ең бірінші, біз дайын өңделген ақпаратты баланың аузына салып береміз де, оны бала қабылдап алды ма, ол білім баланың меншігіне айналды ма, жоқ па оны ескере бермейміз. Біз дайындап берген материалдарымыз баланың меншігіне айналмаса ол оны кез-келген уақытта ұмытып қалады. Міне сондықтан да біз ең үлкен кемшілік осы дайын нәрсені бере салу деп білеміз. Мысалы, бала бір тригонометрияның өзінен 48 формуланы жаттайды екен. Біздің жаңа стандарт балаға ол форомуланы беріп қана қоймай, оны қайдан табу керек екендігін үйретеді. Сонда бала білімді қайдан алуға болады, қалай іздеуге болады және сол білімді пайдалана білуді үйренеді. Өйткені соншама білімді баланың басына салып қою мүмкін емес.
Екіншіден, оқу процесіндегі қарым-қатынас. Бізде мұғалім мен оқушы арасында субъективті объективті қарым-қатынас орнаған. Яғни, оқушы мұғалімге бағынышты. Бұл жерде мұғалім балаға білімді айтып беру үшін қажет емес, баланы білімді алуға үйрету үшін қажет екендігін түсіну керек. Осыны ескере отырып жаңа стандарт баланы оқу процесіне араластыру мәселесі қарастырылады.
Үшіншіден, ең үлкен кемшілік оқудың нәтижесі. Біз қалай бағалаймыз? Біз баланы білімнің көлемін біледі, білмейді деп бағалаймыз. Міне мәселе осында жатыр. Яғни білім репродуктивті. Яғни мектепте тарих пәні мұғалімі бірнәрсені айтып берсе, соны бала тақтаға шығып дәл сондай етіп айтып беріп, бесін алып жүре береді. Ал ондағы маңызды ақпараттар оның есінде қалмайды, – деп атап өтті.

Айнұр РАКИШЕВА
http://baq.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА