22.11.2024

2022 жылға дейін мектептерді жеделдетіп салу туралы арнайы бағдарлама қабылданды

Президенттің оқушылар орнының тапшылығын төмендету бойынша берген тапсырмасын шешу үшін 2022 жылға дейін мектептерді жеделдетіп салу туралы арнайы бағдарлама қабылданды. 2021 жылдың соңына дейін қосымша 30 мыңнан астам оқушы орнын құру және орын тапшылығын 80%-ға төмендету жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Бюджет есебінен биыл қолданыстағы мектептердің жанынан 4 қосалқы нысандар салынады және 1 мектептің құрылысы басталады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 3 мектеп салынады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 8 мектеп және қолданыстағы мектептердің жанынан 13 қосалқы нысандар салынатын болады. Жеке инвестициялар есебінен 2 жеке мектеп ашу жоспарлануда.

Балабақшалардағы орын тапшылығы туралы айтар болсақ, бұл бағытта да кешенді шаралар қабылдануда. Келер жылы қосымша 12,7 мың орын құру жоспарлануда. 2022 жылға қарай балабақшалардағы кезек 70 пайызға қысқарады.

Ағымдағы жылы 3 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді, мектеп жасына дейінгі 95 жеке балабақша ашылды. Сонымен қатар, 4 балабақшаның құрылысы жалғасуда, ал келер жылы тағы 6 балабақшаның құрылысы басталады.

1997-2004 жылдар аралығында жеке білім беру ұйымдарына жалға берілген 10 мемлекеттік балабақшаның ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2019 жылы Әуезов ауданындағы «Сказка» балабақшасының ғимараты қайтарылды. Қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жеке балабақшалардың қосымша қызметтері үшін ата-аналардың төлемдерін ішінара өтеу механизмі әзірленді және оны Үкімет қолдады. Төлем 50 мың теңгеге дейін жететін жеке балабақшаларда әкімдік өтемақы төлегеннен кейін ата-аналар төлейтін қаржы 25 мың теңгеге дейін азайды.

Бүгінгі күні қалада 823 балабақша бар. Оның 77%-ы жекеменшік. Балабақша кезегінде 3 жастан 6 жасқа дейін 21 мың бала, ал 1 жастан 6 жасқа дейін 45 мың бала тұр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА