22.11.2024

Қазақстан мектептерінде онлайн оқыту тоқтатыла ма?

Әлеуметтік желіде Қазақстан мектептерінде онлайн оқыту тоқтатылып, білім берудің жаңа тетіктері қолға алынатындығы туралы ақпарат тарауда. Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді.

Карантиндік шектеулер кезінде мектептердің жұмысына қатысты шешімді тек санитар дәрігерлер қабылдай алады. Онлайн оқу мен қашықтан оқу – екі түрлі формат екенін ескерулеріңізді сұраймын. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылар негізінен қашықтан оқып жатыр. Жаңа оқу жылында министрлік тарапынан мұндай мәселе айтылған жоқ. Әрине, білім саласына жауап беретін министрлік ретінде балалардың тезірек мектеп қабырғаларына оралғанын қалаймыз. Дегенмен, барлығымыз Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын орындауға міндеттіміз», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гауһар Омарбек.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА