07.11.2024

Алматыда «Ы.Алтынсарин – 2014» пәндік олимпиадасы өтті

Алматыдағы Қыздар университетінде «Ы.Алтынсарин – 2014» пәндік олимпиада өтті. «Дарынды жастар-болашақ кепілі» деген тақырыпта өткен жиында пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылып, грант иегерлері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі университетттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ы.Алтынсарин олимпиадасыЕліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті де, дарынды оқушыларды айқындау мақсатында өткізілген олимпиадада 24 оқушы Ы.Алтынсарин олимпиадасының жүлдегері атанды. Ал, жүлделі орын алмағандар, бірақ олимпиаданың деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-не бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Қыздар университетіне оқуға түсуде осы өткен олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3, орынды иеленген оқушылар таңдаған пәніне сай және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет ректорының грантына ие болады.
Айта кетейік, пәндік олимпиада ақпан айының аяғында еліміздің бес бірдей облысында, атап айтқанда Алматы қаласында, Алматы облысының Талдықорған, Жаркент қаласы мен Райымбек ауданында, Жамбыл облысына қарасты Тараз қаласы мен Қордай ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қаласында, сонымен қатар, Қызылорда облысына қарасты Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында және Қостанай облысы бойынша Қостанай қаласында өткен болатын. Биыл олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы, химия сияқты сегіз пән бойынша өткізілді. Алматыда өткен олимпиадаға қаланың 800-ге жуық 11 сынып оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы олимпиадаға 4000-ға жуық түлек қатысқан екен.

http://baq.kz/

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА