23.11.2024

Тәуелсіздік күні педагогтерге жаңа пәтер кілттері табысталды

Тәуелсіздік күні білім беру саласының қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерітабысталды. 18 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, көпбалалы ана Лаура Өтепбергенова да енді Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа пәтердің иесі атанды.

«Мұғалімдер мен оқытушыларды  ұмытпағандары үшін үлкен рахмет айтамынБізбұл күнді асыға күттік. Пәтер өте жылы, ыңғайлы», – деді оқытушы Лаура Өтепбергенова. 

Үш баланың анасы Бағила Идрисова да елордадағы жаңа пәтердің кілтін алды. Пәтердің кілтін  тапсыратыны туралы хабарлаған кезде  қатты қуанғанын жасырмады.

«Тұрғын үй кезегінде тұрдық. Бүкіл отбасымызбен өте қуаныштымыз. Маған: «келіп, пәтерді таңдап алыңыз», деп хабарлағанда, бақыттан жылап жібердім. Қазір біздің пәтеріміз бар екеніне өте қуаныштымын», – деп  ағынан жарылды педагог Бағила Ыдырысова.

Педагогтер тұрғын үйді «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Білімжәне ғылым министрлігі мен «ҚазақстанИпотекалық Компания» АҚ арасындағы меморандум шеңберінде алды

«Бүгін еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні біздің әріптес-педагогтеріміз жаңа пәтерлердің кілттерін алуда. Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Қарағанды қалаларында да шамамен екі жүзден астам педагог пәтерге иеболдыБіз осы мереке күні әріптестеріміздің жаңа пәтерлерге орналасқанына өте қуаныштымыз. Әрине, енді біздің әріптестеріміз тұрғын үй мәселелеріне алаңдамайтын болады. Бұл – баршамыз үшін  үлкен қуаныш», – деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА