08.11.2024

Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай 50 орындық мектеп қолданысқа берілді

Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл ауыл азаматтары бас қосқан жиында бірауыздан мектеп салынады деп шемім қабылдап, қор құрып, қазығын қағып, ірге тасын көтеріп бастаған.

Бұл мектеп 1 қабаттан тұрады. Мұнда 4 оқу кабинеті, үлкен зал және мұғалімдер кабинеті қарастырылған. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 7 бенебақылау орнатылған.

Бүгінгі күні білім ошағында 15 оқушы білім алуда. Ал, 5-сі сыныптан жоғары оқитын оқушылар Бақалы ауылына қатынап оқиды.

Жиында аудан басшысы Талғат Қанатұлы ұлық мерекемен ауыл тұрғындарын құттықтап, салтанатты түрде мектептің лентасын қиып, қонақтармен бірге барлық кабинеттерді аралап, ауылмен бірге қуаныштың куәсі болды.

«Ауыл азаматтары мектеп салып береміз дегенде қысқа уақыт ішінде қолданысқа береді деп күткен жоқпыз. Тозығы жеткен бұрынғы мектеп ғимараты 1975 жылы салынған. Заман талабына сай жабдықталмаған еді. Енді жаңадан салынған мектебіміз жылы, жарық, барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Қуанышымызда шек жоқ. Біздің міндет оқушылардың сапалы білім, тәлімді тәрбие беру үшін жұмыс істеу. Осы орайда жаңа мектепті салып береген барлық ауыл тұрғындарына, жалпы жомарт жандарға алғысым шексіз». – деді мектеп меңгерушісі Садыбаева Қарлығаш.

Ұстаз осы мектеп табалдырығынан шыққан «Алтын белгі» иегерлері көп екенін атап өтті.

Жалпы ауылда 230-дан аса халық бар. Жыл сайын Қазыбаев ауылында бала саны артып келетіндігі байқалады.

Сонымен қатар, болашақта мектептің ауласы қоршалып, аббаттандырылып, шағын спорттық алаң және балаларға арналған ойын алаңқайын салуды жоспарлауда.

Айта кетейік, жалпы мектептің құрылыс жұмыстарына 20 млн.теңге қаражат жұмсалған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА