22.11.2024

Аслан Сәрiнжiпов. Биылғы ҰБТ сауалдары сапалы құрылғанына сенімдімін.

2014 жылы жоғарғы оқу орнына түсемін деген талапкерлерге ел бойынша жалпы 34 мыңға жуық бiлiм гранты бөлiнiп отыр. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингiде ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiм етті.

41b0e9667f6ff45368fd9900e36«Биыл 34 мыңға жуық бiлiм гранты бөлiнді. Оның 12 мыңы – техникалық мамандықтарға, 5 мыңы – педагогикалық, 2600-ге жуығы ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлiндi», – дедi Аслан Сәрiнжiпов.
Министрдің айтуы бойынша, білім гранты оқу орнына емес, талапкерге тікелей беріледі. Ал шекті бал өзгеріссіз қалған.
«Биылғы жылы ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін шектi балл 70 балл, аграрлық жоғары оқу орындарына 60 балл, қалғандарына 50 балды құрап отыр», – деп толықтырды министр.
Министр сондай ақ, соңғы кездері тестілеуде кезігіп жүрген мәнсіз сұрақтар жайына да тоқталды. Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, биылғы ҰБТ-ға енгізілген жаңа сұрақтар сапалы болады.
«2014 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге 14 238 қосымша тест тапсырмалары әзірленді. Базадағы тест тапсырмаларының жалпы саны 176 000-ды құрайды. Тест тапсырмаларының базасы мектеп пәндерiнiң қаншалықты сұранысқа ие екендiгiне байланысты жаңартылады. 2009-2013 жылдары тапсырылған тестілеу сараптамасы бойынша түлектердің физика, биология мен география пәндерiн ең көп таңдайтыны белгілі болды»,- дедi Аслан Сәрiнжіпов.
«Біз жыл сайын қолданылатын 50 мың сауалдың 14 мыңын жаңарттық. Жыл сайын аппеляцияның жұмыс істейтіні белгілі. Барлық комиссия ақпаратты жинап Білім және ғылым министрлігіне жолдайды. Біз оны сараптай келіп, жыл сайынғы сауалдарға өзгеріс енгіземіз. Дұрыс құрастырылмау себебінен кей кездері жарты пайыздық деңгейде сауалдарға өзгерістер енгізіледі. Бұл менің ойымша, өте төмен көрсеткіш. Биылғы сауалдар сапалы құрылғанына сенімдімін», – деді ол.
Екінші маусымда басталғалы тұрған тестілеудің биылғы форматы өзгеріссіз қалған. 2-9 маусым аралығында 155 арнайы жабдықталған пунктте тестілеу өткізіледі.
«ҰБТ-ға қатысу ерікті. Ағымдағы жылы 133 226 мектеп бітірушінің 92 077-сі қатысады, оның ішінде 63 603 қазақ тілінде, 28474 орыс тілінде»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі.
107 ҰБТ өткізу пункт аудан орталықтарының мектептерінде, 48-і облыстық, Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының мекемелерінде орналасқан. Тестілеуге қатысушылардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында және ҰБТӨП-те ҰБТ-ны объективті және ашық өткізу үшін дәстүрлі түрде барлық жерде техникалық құралдарды: 1108 ұялы телефон дыбысын тұншықтырғыш, 402 металл іздегіш және 1585 камера мен бейне бақылауды қолдану жоспарлануда.
Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 2004 жылы енгізілген. Осы 10 жыл ішінде ҰБТ-ға 1 миллион 335 мың мектеп бітіруші қатысқан.

Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА