2013-2014 жылғы оқу маусымы да соңына таяды. Биыл астаналық мектептерде білім алып жатқан 4042 оқушы орта білім ордасын тәмамдайды деп хабарлайды “Бәйтерек” халықаралық медиа-орталығы.
Бітірушілердің 88,7 пайызы, яғни 3588 түлек Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, өз білімдерінің сапасын сынайтын болады. Олардың 1777-сі – қазақ тілінде (49%), 1811-і орыс тілінде(51%) тест тапсырмақ (2013 жылы 3073 адам ҰБТ-ға қатысқан, 84,5%). Ал, қалған 454 оқушы (11,2%) мемлекеттік емтихан тапсырады (алыс және жақын шетелдердің оқу орындарына түсетіндер).
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатысқандар Ұлттық біріңғай тестілеуден босатылады.
Қалалық білім басқармасының мамандары ҰБТ өтетін күндерді де белгілеп отыр. Олар: 2, 4, 6 маусым. Ал, апелляциялық шағым түсірушілер мамандар көмегіне 3, 5, 7 маусым күндері жүгіне алады. ҰБТ нәтижелері тапсырылған күні кешкі 18.00-ден кейін белгілі болмақ. Тест тапсырудың форматы өзгерген жоқ, ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі көрсеткіш 50 балдан аз болмауы тиіс. Ал, ұлттық жоғарғы оқу орындары үшін аталған көрсеткіш – 70 балл.
Астанада ҰБТ өтетін үш орын да анықталып отыр: Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазМЗУ және ҚазАТУ.
kazbilim.kz