22.11.2024

Мәжілісте жаңа мектептер құрылысына кедергі болатын мәселелер көтерілді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Жұлдыз Сүлейменова жаңа мектептер құрылысына кедергі болатын түйінді мәселелерді көтерді. Осы орайда депутат ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа мектептер санын 800-ден 1000-ға дейін арттыру тапсырылды. Алайда, оны түпкілікті шешуде әлі де түйінді мәселелер бар. Ең басты мәселе, мемлекеттік бюджет қаражатының дұрыс жоспарланбауы. Орта білім беру объектілерінің құрылысы бюджет қаражаты есебінен үнемі жеткіліксіз қаржыландырылуда. Атап айтқанда, қазір мектептер құрылысына жан басына шаққандағы нормативті есептеу әдістемесі 6 айлық есептік көрсеткіш базалық тарифіне негізделген. Алайда, 2019 жылы республикалық бюджет комиссиясының шешімімен ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, үш ауысымды, апатты мектептерді және оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында мектептер салуға арналған базалық норматив 6 айлық есептік көрсеткіштен 9 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілген. Яғни, 6 айлық есептік көрсеткіш базалық тарифі мектеп құрылысын салуға жеткіліксіз екендігі 2019 жылдың өзінде белгілі болған», – деді Ж. Сүлейменова.

Оның айтуынша, осы кезге дейінгі есептеулер ескі нормативтермен жүргізіліп келеді. Биыл жалпы сипаттағы трансферттерден 200 мектептің құрылысына 95,7 млрд теңге көзделген. Қосымша қаражат 53 млрд теңге жұмыспен қамтудың жол картасынан бөлінген. Аталған қаражаттың аймақтарға дер кезінде жетпеуінен бүгінде 13 мектеп мерзімінен кеш берілмек. Бюджеттің дұрыс жоспарланбауы салдарынан жергілікті атқарушы билік органдары білім беру объектілерін уақытылы эксплуатацияға енгізуде қосымша қаражат іздеуге мәжбір.

«Ең өкініштісі, жаңа бюджеттің жобасында осы жағдай қайталанып отыр. Мәселен, келесі жылға 200 мектептің құрылысына жалпы сипаттағы трансферттерден 104 млрд теңге көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 млрд теңгеге аз. Тек құрылыс материалдары бағасының 30%-ға өскенін ескерсек, бүгінгі күннің өзінде бұл қаражаттің жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Қаражат тапшылығы кем дегенде 50 млрд теңгені құрайды», – деді депутат.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері келесі ұсыныстарды енгізді:

– Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1000 мектепті салу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдау;

– Келесі жылдан бастап мектептер құрылысына 9 айлық есептік көрсеткіш базалық тарифін қолдану;

– Мектептер құрылысын стандартын өзгерту ескерілген.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА