22.11.2024

Вакцина алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов балаларды вакцинаға міндеттеудің ықтималдығы туралы пікір білдірді.

Елге Рfizer вакцинасы келсе, екпе алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме? Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері Денсаулық сақтау министрлігінің басшыларына осындай сауал қойды.

«Жалпы қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде вакцина алмаған балаларды шектеу көзделіп отырған жоқ. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша, ерікті түрде ғана салынады. Сондықтан біз өз тарабымыздан түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткіземіз», – деген вице-министрі Марат Шоранов жақында Рfizer вакцинасының 4 миллоннан астам дозасы елге жеткізілетінін атады.

«Бұл мәселе бізде өте ерекше деп есептейміз. Неге десеңіз, біз балалардың білім алуын офлайн режимге көшірдік. Санитарлық режим, маска режимі дейміз, соның арқасында қазір балалардың арасында науқастану көрсеткіші үлкен емес – 0,6 пайыз болып отыр. Сондықтан да вакцина келгенімен балаларымыз мектепке қорықпай бара алады деп сенеміз», – деді Марат Шоранов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА