07.11.2024

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары қабылданып, материалдық ынталандыру ескерілген. Әдеп жөніндегі кеңестер өткізіледі. Жалпы, бұл жұмыс жалғасып жатыр. Педагогтардың жұмысқа қабылдау жүйесін де өзгерттік. Егер осы уақытқа дейін педагогты директордың өзі қабылдай алатын және белгілі бір тәуекелдердің болғаны да түсінікті. енді өзгертулер енгіздік. Қазіргі уақытта педагогтарды қабылдау нақты өлшемдері бар біліктілік талаптар көзделген байқау арқылы жүргізіледі», – деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Сонымен қатар ол биыл білім беру ұйымдары директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі бекітілгендігін айтты.

«Осы жылдан бастап жаңа институт – директорларды ауыстыру институты жұмыс істей бастайды. Бізде бір мектепте 10 жылдан астам ұзақ уақыт бойы жұмыс ісейтін директолар өте көп. Бүгінде оларды ынталандыру, ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Сондықтан тиісті заңнамаға өзгертулер енгізіліп, бұйрық бекітілді. Келесі жылдан бастап мектеп директорларын ротациялау басталады», – деді Асхат Аймағамбетов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА