22.11.2024

Келесі аптадан бастап Қазақстандағы бүкіл оқушылар мектепке барып оқиды

Келесі аптадан бастап мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі – жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады», – деген вице-премьер бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын еске салды.

«Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіз берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантин шаралары алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету үшін нақты шаралар қабылданды. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», -деді Ералы Тоғжанов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА