Іс-шараға депутаттар, Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Жамбылқызы, «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Қазақстандағы «Tooba» халықаралық қайырымдылық платформасының негізін қалаушылардың бірі Мадияр Төлеуғали, мамандар мен ата-аналар қатысты.
Инклюзияны қолдау кабинетінде 7 мен 10 жас аралығындағы аутизм бар 7 бала қолдау алады. 10 балаға дейін оқытуға арналған. Кабинет командасында 9 адам жұмыс істейді: куратор, мұғалім және 7 педагог-ассистент. Куратор әр оқушыға жеке даму бағдарламасын жасайды, ал педагог-ассистент пен мұғалім мектеп бағдарламасын игеруге және сыныптастарымен және мұғалімдермен өзара әрекеттесуге көмектеседі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады. Осыған байланысты мектептер мен балабақшаларда сапалы инклюзияны қамтамасыз ету бойынша Үкіметтің бақылауды күшейтуі маңызды болмақ.