180 мыңнан астам өтініштің 160 мыңнан астамы электронды форматта қабылданды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Еске сала кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Барлық қызметті автоматтандыруға баса мән берілген.
ҰБТ және барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді. Мұның ең басты артықшылығы – барлық процестің ашықтығы мен азаматтарға қолайлы жағдай жасалуы.
Өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы – ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.