22.11.2024

Елімізде орыс мектептері мен аралас мектептегі орыс сыныптары азаймай тұр

Қазір жаңа ашылып жатқан және бұрыннан келе жатқан орыс мектептері, аралас мектептегі орыс сыныптары азаймай тұр. 2017 жылға дейін беті бері қарап келе жатқан үрдіс одан кейін қарқынды түрде ушығып кетті. Бұл анық.
Енді дәл осы кезеңде тіпті таза орыс тілінде білім беретін жеке мектептер тіптен көбейіп кетті. Қазір Қазақстаннан орыс тілінде, басқа тілде білім беретін мектеп ашып жатқан өзге ұлт бизнесмендері өте көп. Тіпті ақша үшін таза орыс тілінде білім беретін мектептерді өзіміздің қазақтар да көптеп ашып жатыр. Дәл қазір елде жеке мектеп ашу науқаны.
BINOM секілді танымал мектептердің бәрі аралас, өкінішке қарай…
Жеке мектеп ашылмасын деп айта алмаймыз. Жеке мектептер керек, себебі біздің балалар үш ауысымды түгіл екі ауысымды мектепте оқудан арылуы керек. Барлық бала бір ауысымды, қолжетімді ортада білім алуы қажет.
Дәл осы кезде қазақтың шын патриот бизнесмендері, қалталы азаматтары сөзден іске көшетін кез келді. Бізге жеке қазақ ұлттық мектебін де ашу керек. Әйтпесе ертең кеш болады.
Өзім биыл Республикалық QAZBILIM орталығының Ақтау қаласындағы бөлімшесін 5-11-сынып арасында таза қазақ тілінде оқытатын мектеп жасаймын деп шештім. Қазір жөндеу, жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Арманым – елде бір ұлттық мектептердің желісін қалыптастыру. QAZBILIM орталығының білім сапасын, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның білімі, тәрбие беру үрдісін ұстанған шынайы бәсекеге қабілетті қазақ ұлттық мектептер желісін қалыптастыру.
Біз бүгін қимылдамасақ, ертең мүлде кеш болады. Біз ана орыс мектептеріне, орыс тәрбиесіне тәуелсіз Қазақстан заманында жұтылып кетеміз.
Сол үшін олармен иық тіресе алатын ұлттық мектептер керек. Әрине, оның шешу жолы – қаржы. Егер мені қолдаймын, біз де қимылдайық деген қазақ байлары болса, кешегі Алашты қолдаған меценаттар секілді бізді де демейтін азаматтар болса, аянып қалмас ек.
Жағдайды зерттеп отырып, бізде қазір уақыт тым қысқа екенін ойлап жаным қысылып жүр…
Мектептер туралы соңғы бір айдағы зерттеулерім мен кез болған оқиғаларым ұйықтатпайды…
Бізде сондай сөзден іс дейтін, білімге қаржы салғысы келетін байлар бар ма? Әлде…

 

Аятжан Ахметжанұлы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА