22.11.2024

Түркістан облысында оқушылардан оюлы жакеттерін шешуді талап еткен мұғалімнің ісі полицияға өтті

Мақтаарал ауданында болған жағдайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар да өз бақылауына алды.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда аталған факт бойынша Мақтаарал ауданының полиция бөлімінде іс тіркелген. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында мұғалім оқушылардан оюлы жакеттерін шешуді талап еткенін жазған болатынбыз.

Аталған жағдай 14-наурыз күні Мақтаарал ауданында болған. Түркістан облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бүгінде бұл мәселені ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өз бақылауына алған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА