Елімізде әр түрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 млн-нан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады, бұл жалпы оқушылардың 88%-дан астамы, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, уәкілетті мемлекеттік органдармен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі бекітілді. ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды. Биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды.