07.11.2024

Елорда мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру өзгеруі мүмкін

Алдағы екі жылда елордада орта білім беру саласына 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу ұсынылды.

Бүгін елорданың қоғамдық кеңес отырысында Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

«Білім басқармасына оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға, 24 балабақшаны ағымдық жөндеуге, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына жалпы сомасы 4 млрд 792 млн теңге қаражат қарастыру ұсынылып отыр», – деді Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев қоғамдық кеңес алдында.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА