22.11.2024

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін арнайы бағдарлама әзірленуде

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір бала үшін қауіпсіз және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеуде.

Бағдарлама аясында буллингке ұшыраған және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға құқықтық, психологиялық қолдау көрсетіледі. Негізгі мақсат – зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделін құру және көмек көрсету процесінде балаларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

«Әрбір бала зорлық-зомбылықтан қорғалуы тиіс. Көмек көрсету бағдарламасының қабылдануы балалардың салауаттығы және өзін қауіпсіз, жайлы сезінуі үшін жасалуда», − деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Бағдарлама шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделі әзірленеді. Сот-медицина сараптамасын жүргізу, полиция қызметкерлерінің сұрақ-жауап алуы осы кабинеттерде жүргізілетін болады.

Кабинеттер қызметінің бірыңғай моделін Оқу-ағарту министрлігі әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға осы сынды кабинеттерді ашу стандарты ретінде ұсынатын болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА