Биыл 7 420 түлек «Алтын белгі» алды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінен хабарланды.
2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады.
Оның ішінде 7 420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды.
Ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін ҰБТ-ға шпаргалка, смартфон алып кірген 219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын хабарлаған едік.
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды.
Оның ішінде талапкерлердің 74% — қазақ тілінде, 26% — орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балл — 68 балл.
Ең жоғары балл — 138.
266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.