24.11.2024

Астананың 5 мектебінде инклюзивті сынып ашылды

Енді ерекше білім беруді қажет ететін 150-ден астам бала басқа қатарластарымен бірге оқи алады.

Қор Астананың 5 мектебінде инклюзивті сынып ашты

№97 мектеп-гимназияда ашылған осындай жаңа сипат­тағы инклюзияны қолдау каби­не­тінің бірін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен аралап көрді. Жаңа сипаттағы тиісті сыныптар №22 мектеп-гимназияда, №36 орта мектепте, К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейде, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейде жабдықталды. Игілікті іс «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны кезін­­­де жиналған 126,7 миллион тең­геге атқарылғанын атап өткен жөн. Бұл қаражатқа мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар, жиһаз бен оқу-әдістемелік кешендері сатып алынды, мамандар даярланды.

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауап­кершілік аясында ерекше қажет­­тілік­тері бар адамдарды кешенді түрде қолдап келеді. Ел өңірлерінде 42 оңалту орталығын, 10 спорт кешенін аштық. Бейімделген спорт секцияларына 1000-нан астам бала қатысады. Мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге оқытуды бастадық. Осылайша, адамдарға туғанынан бастап көмек көрсетіп, олардың қоғамда әлеуметтенуіне барлық жағынан ықпал етеміз», деді Нұрлан Жақыпов.

Инклюзияны қолдау каби­не­тінің үлгісін Қор инклюзия саласындағы сарапшылармен бірлесіп әзірледі. Сыныптар екі бөлек кеңістіктен тұрады: психолог, дефектолог, логопед және қыш бұйымдарын жасау каби­нетіне open space түріндегі кең бөлмелер, сонымен қатар емдік дене шынықтыру кабинеті (физи­­ка­лық терапия). Дәріс­ханалар аумағы кемінде 60 шар­шы метрді құрайды. Бұл сәй­кесінше бала­лар­ға ыңғайлы да жайлы жағдайда сабақ өткі­зу­­ге мүмкіндік береді.

«Сіздер керемет жұмыс жаса­ды­ңыз­дар. Сіздердің арқала­ры­ңызда ерекше балалар қара­пайым балалармен бірге оқуға мүм­­кіндік алды. Қазір менің ұлым бейімделу кезеңінен өтіп жа­тыр. Мұғалімнің нұсқауларын орындауды үйре­неді, ортаға қо­сы­­лады. Аутизмі бар балалар үшін әлеу­­меттену өте маңызды», деп ри­за­шы­­лығын жеткізді мек­теп оқу­шысының анасы Мария Айдарханова.

Оқытушылар мен мамандар оқудан өтіп, оларға жыл бойы­на әдістемелік қолдау көрсе­ті­­леді. Инклюзияны қолдау каби­неттерін құру жобасын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырды.

Жомарт ОСПАН

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА