22.11.2024

6 мың мектептің асханасын тексерген мамандар көп кемшілік тапты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары білім басқармасы қызметкерлерімен бірге елдің түкпір-түкпірінде мектеп асханаларын тексеріп жүр.

Олар асханада санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жасайды.

Санитариялық-гигиеналық жағдай мониторингі 6 225 объектіні, оның ішінде 5 961 мектеп ас блогы және 264 буфетті қамтыды.

«Мониторинг барысында ыстық судың жоқтығы, ас блогы қызметкерлерінің арнайы киім кию ережелерін сақтамауы, жеке гигиена ережелерін сақтау үшін қағаз сүлгілер мен құралдардың болмауы, жинау құрал-сайманында таңбалаудың жоқтығы, тамақ өнімдерін сақтау мерзімін бұзу сияқты бірқатар кемшіліктер анықталды. Бұдан басқа, өнімнің қауіпсіздігін растайтын тиісті сәйкестік құжаттар жоқ болып шықты» дейді комитеттен.

Сондай-ақ алкогольсіз газдалған сусындарды, фаст-фудты сату, дезинфекциялық, ауыз су режимінің бұзылуы, сондай-ақ желдету жүйесінің жарамсыздығы әшкере болған.

Анықталған бүкіл заңбұзушылықтар бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.

Еске салайық, 6 қыркүйекте Маңғыстаудың Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында бір мектептің 500-ге жуық оқушысы астан уланып қалды.

Олардың барлығы мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ішкеннен кейін ауырған.

Осы оқиғадан кейін бүкіл ел бойынша мектептердің асханасы тексерілетін болды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстауда балалардың тамақтан улануына жол бергендер жазаланатынын хабарлады.

Кейіннен Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 16 бала тамақтан уланды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА