21.11.2024

Тағы да ақша жымқырған мектеп бухгалтері ұсталды

Қызылорда облысы Арал ауданында мектеп есепшісіне бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр, – деп хабарлайды KAZBILIM порталы Аlmaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Ол алты ай бойы өз есепшотына негізсіз қаржы аударған деген күдікке ілінген. Соның салдарынан мемлекетке келген шығын 16 миллион теңгеге жуық.

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде 33 жастағы күдікті бірнеше есе артығымен еңбекақы алып келгені де белгілі болыпты. Ол өзінің қылмысын толығымен мойындаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі бар. Сол жерде болған мәліметтерге байланысты мұғалімдердің қаражаты белгілі болады, егер артық қаржы аударғаны көрінсе, тексеру жұмыстарын жүргіземіз», – деді Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ерболат Күзембаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА