22.11.2024

12 жылдық білім беру жүйесі тоқтайды.

Елімізде мақтауы асырылған кезекті ауқымды жобаның соңына дейін жетпей, жарты жолда қалатын түрі бар. Атышулы 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу ісі уақытша тоқтатылатынын Білім министрінің өзі мойындады, – деп хаббарлайды КТК теларнасы.

Осылайша, ондаған жылдар бойы іске асуынан айғайы көп болған бағдарлама бірнеше жылға кейінге шегеріліп отыр. Тіпті дағдарыс кезінде қаржы жетпей қалған 12 жылдықтың жалғасуы да екіталай сияқты.
Елімізде талай дау туғызған 12 жылдық білім берудің ақыры берекесі қашты. Бұған биыл күзде ұл-қызы 6 жастан 1 сыныпқа мәжбүрлі түрде баратын ата-аналар ғана қуанып отырғандай. Себебі жаңа жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап іске асырылуы тиіс еді.
Енді ата-аналар мен депутаттардың сынынан кейін ешқандай 12 жылдық деген әңгіме болмауы керек. Орта білім беру 11 жылдықпен қала береді. Бірақ, әзірше ғана.
“Парламенттен жобаны тоқтата тұрсақ деген ұсыныс түсті. Біз әрине, мүлдем тоқтатамыз деп айтпаймыз. 12 жылдық білім моделін қазіргі 11 жылға қосамыз”, – деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Осылай деп ашығын айтқан еліміздің бас мұғалімі бұл амалсыздан қабылданған шешім деп отыр. Өйткені 12 жылдыққа көшуге бюджеттен қыруар қаржы керек екен. Ал бұндай ақша қазынадан табылмай қалыпты.
Оның үстіне елдегі білім ошақтары да сын көтермейді. Құлағалы тұрған білім ордаларының орнына әлі 149 мектеп салу қажет. Бұдан бөлек, ұстаздар мен оқулықтардың тапшылығы тағы бар.
Математика пәнінің мұғалімі Сәулеш Мұқанова, 15 жылдан бері 12 жылдыққа көшуді армандап жүргендердің бірі. Реформа кейінге қалғанымен оның қалай да жүзеге асарына сенімді.
“Енді қанша еңбекті жоқ қылып, тоқтатып тастауға болмайды. Қаншама мұғалімді әзірледік, кітаптарды жаңалап едік. Сонда бәрі босқа кете ме? Бұл Батыс елдерінде бар тәжірбие. Әрине тым қымбат жоба. Бірақ бас тартпауымыз керек”, -дейді 12 жылдық білім беруді дамыту орталығының алғашқы жетекшісі Сәулеш Мұқанова.
Бұл бастаманы жақтаушылар табылғанымен олардың айтқаны ештеңені шешпейді. Себебі уақытша тоқтатылған 12 жылдық білім беру енді біразға дейін тұралайтын түрі бар. Осымен, баланы мектепке 6 жастан қабылдау керек деген даулы ұсынысқа да соңғы нүкте қойылған секілді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА