22.11.2024

Тоқтар Жақаш. Ұлттық мектептен не ұтамыз?

Тәжіктер 1955 жылы Сарыағаш ауданына қоныстанғанда – ұзын саны 200 адамнан аспаған екен. Арада 60 жыл өткенде, аудандағы жалпы саны 8-9 мыңға жетіпті. Салыстырмалы түрде алар болсақ, 1950-жылы Қазақстандағы қазақтың саны 2,5 млн болса, арада 65 жыл өткенде, әлхамдуллаһ, 11,5-12 млн-ға жеттік. Тәжіктермен салыстырғанда бар болғаны 5 есе өсіппіз. Яғни, шағын диаспора өкілдері 60 жылда 40 есеге өсіпті! Мұндай рекордтық өсім әлемде сирек кездесетін құбылыс. Бала туу бойынша, Африкалық мемлекеттер көш басында тұр. Нигерия, Уганда, Мали алғашқы үш орынды иемденген. Сарыағаштағы тәжіктер “көк көрпе бүлкілі” бойынша қара құрлықты шаң қаптырады.

Қазір Сарыағаш ауданында таза тәжік тілінде оқытатын екі мектеп бар. Оның бірі Айни, екіншісі Ғафуров атында. Қос мектепте 1,5 мыңға жуық бала оқиды. Бүкіл пән тек, тәжік тілінде. Сондай-ақ, таза тәжік тілінде тәрбиелейтін екі балабақша жұмыс істейді. Әр халықтың өз тілін білгені дұрыс-ақ. Бірақ қазағы қалың өңірде ұлттық мектеп ұстағаннан ұтатын ештеңеміз жоқ. Оның үстіне, ұлттық мектептің түлектері ҰБТ-ға қатыспайды. Ал ҰБТ тапсырмаған бала – ЖОО түсе алмайды. Айналып келгенде – ұлттық мектептердегі әрбір оқушының құқығын бұзып отырмыз. Оған қоса, Сарыағаш аудандық білім беру бөлімінің бір қызметкерін оңаша сөзге тартқанбыз. Аты-жөнін атамауымызды өтінген маман біраз шикіліктің бетін ашты. Оның айтуынша, Айни атындағы мектепте “Қазақстан тарихы” пәнінің орнына ұзақ жылдар бойы “Тәжікстан тарихы” оқытылып келіпті. Аудандағы білім беру бөлімі мен аудан әкімі мұны көрсе де көрмегендей кейіп танытумен келген. Қос мектептегі сабақтар тек, тәжік тілінде өтетін болғандықтан, тексерушілер не сабақтың мазмұнын түсінбейді, не мұғалімдердің күнтізбелік жоспарын тексере алмайды. Яғни, мектептегі білімнің сапасы, түлектердің болашағы ешкімді алаңдатпайды демеске лаж жоқ.
10995936_770386806375974_500690112544565008_n

Ал оқулықтары “Жазушы” баспасында басылып шыққан. Сырттай қараған жанның көңіліне күдік ұяламайды. Оған қоса, тәжік тілді ұстаздар білімін жетілдіре алмайды. Арнайы деңгейлік курстарды түсіне бермейді.
Сондықтан, үй ішінен үй тігу тым артық секілді. Балабақшалар мен әлгі екі мектепті мемлекеттік тілге көшірген абзал. Егер, расымен тәжік тілі қажет болып бара жатса, мектептерде тәжік тілі мен әдебиетін ғана қалдыру керек. Бұл – мемлекетіміздің Конституциясына да, заңына қайшы келмейді. “Қазақстан Республикасы білім беру туралы” заңының 9-бабында:
“1. Бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Меншiк нысандарына қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлуiн, сондай-ақ бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес орыс тiлiн және шет тiлдерiнiң бiреуiн оқып-үйренуiн қамтамасыз етуге тиiс” деп көрсетілген.

Екі мектепті қазақ мектебіне айналдырып, онда тәжік тілі мен әдебиетін қалдырсақ – осы талапты орындаған болып шығамыз.
Мектептерден түйген ойым осы болды.

Жазба автордың фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА