Құрметті оқушылар һәм дарыны мен қарымы мықты шәкірт тәрбиелеп жатқан ұстаздар!
Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түріктер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы маңызы зор мерейлі мереке екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі. Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жариялап отырмыз.
Шығармашылық бәйгенің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көз қарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.
Шығармашылық бәйгеге 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Шығармашылық бәйгенің талабы:
– Шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған, әрі басқа шығармалардан көшірілмеген болуы шарт.
– Шығарма еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаға, немесе еңбегі ерен тұлғаға, немесе белгілі бір дәуірге қатысты болуы шарт.
– Шығармаға жанырлық шектеме қойылмайды. (өлең, мақала, әңгіме немесе драма)
– Шығарма тек қазақ тілінде жазылуы шарт.
– Шығармамен қоса оқушының қысқаша өмір баяны, суреті және шығарма мазмұнын бейнелейтін бір нұсқа сурет жіберлуі керек.
Бас жүлде – біреу
Бірінші орын – біреу
Екінші орын – екеу
Үшінші орын – үшеу
Ынталандыру – бесеу
Шығармашылық бәйгеден іріктелген шығармалар жеке кітап болып шығады.
Ескерту:
– Жүлдегерлер Астана қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді.
– Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
– Шығармалар өңделлмейі, сондықтан жіберер алдында граматикалық т.б қателіктерін толық қарау керек.
– Келіп түскен шығармалардың барлығы сайтың оқушы ойы бөлімінде жарияланады. Бағалау барысында шығармаға келіп түскен пікірлер мен сайт оқырмандардың бағалауы, көрілім саны әсер етеді.
– Шығармамен қоса жіберілген суреттің де мазмұны бағалауға асер етеді.
– Шығармашылық байгенің қортындысы 6 cәуірде Астана қаласында өтеді. Шығармалар 4 сәуірге дейін қабылданады.
– Жеңімпаз оқушылардың жетекші ұстаздары да алғыс хаттармен марапатталады.
Шығармаларды kazbilim@gmail.com, aiatjan@mail.ru электронды почталарына жіберлу керек. Қосымша сұрақтар болса 8702-931-8008, 8707-931-8008 телефондарына қабарласуларыңызға болады.
Құрметті kazbilim.kz порталының оқырмандары! “Ұлт тарихы оқушы көзімен” атты байқауда маған дауыс берулеріңізді сұраймын! Асқарбекұлы Аят, Жамбыл облысы, Тараз қаласы! Алдын ала рахмет! Алланың нұры жаусын!
Байқай қорытындысы қашан шығады екен?
Байқаудың қорытындысын ертерек шығару керек еді, немесе астанадағы марапаттауды 1–2 күнге ұзарту керек. Әйтпесе шалғайдағы оқушыларда бар ғой, үлгермей қалуы мүмкін! Өтініш сіздерден!
кешіріңіздер “Астанадағы” дегім келген