22.11.2024

Кенже Қалдарбек. Ел үшін туған ер

Қазақ даласы қаншама еліне еңбегі сіңген дүлділ ақындар, билер, хандар өмір сүрді. Ол адамдардың әрқайсысы өздерінің отанына көптеп еңбек сіңірді және өз отанының тарихында өзіндік орны қалыптасты.
Қазақ халқының тарихында ерекше ұлы тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз Қазақ мемлекетінің негізін салушы.

Н.Назарбаев 1991 жылы еліміздің жағдайы аумалы-төкпелі шақта ел тізгінін қолына алды. Осы кезеңдерде ел экономикасы кенжелеп қалған болатын. Алда көптеген түйіні шешілмеген мәселелер жатты. Елбасымыздың маңызыды стратегиялық жоспарларында осы мәселелерді шешу жолдары көрсетілді. Уақыт өте келе бұл жобалар өз жемісін бере бастады. Қазақ мемлекеттік тілі дамыды. Бұрынғы Кеңес үкіметі кезіндегі орыс тілді мектептерге, балабақшаларға,білім ордаларына қазақ тілін енгізді. Ол жерлерде қазақ тілінің мерейі үстем бола бастады.Елбасымыздың арқасында еліміз әлемдегі ең қауіпті қару «Ядролық қарудан» бас тартты. Ұлттық валютамыз «Теңге» айналымға енді. Әр елдің өзінің заңдар жинағы болатын секілді біздің Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Еліміздің ертеңі болашақ жас ұрпаққа арналған балабақшалар, мектептер, ауруханалар, спорт кешендері салынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақ білімді жастар қолында» деп, «Болашақ» бағдарламасын іске асырды. Бұл бағдарлама бойынша отандастарымыз шет елдерге барып білімдерін жетілдіріп қайтуда. Қалаларда зәулім ғимараттар салынып, қалалар көркейе түсуде.
Президентіміз Қазақстан елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі елордамыз әлем мойындаған қалаға айналды. Мұнда көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер әкелінді. Қала білім, ғылым, медицина орталығына айналды. Астана секілді Қазақстанның басқа да қалалары дамып келеді. Қазақстанның барлық қалаларының ел үшін маңызы ерекше.
Қазіргі кезде Қазақстанның халқыда өсіп келеді. Ел халқы 17 милионнан асты. Қазақстан көпұлтты мемлекетке айналды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында көпұлтты Қазақстан тату-тәтті өмір сүруде. Елбасымыз елді адал басқарып, халықтың құрметіне ие болды. Еліміз дамыған 50 елдің қатарына еніп, болашақта дамыған 30 елдің қатарына енуді жоспарлап отыр.
Әрбір адам өз елін мақтан тұтып, оған құрметпен қарап, Отанын қорғауы керек. Ол үшін әр патриот өз Отанына сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.
98Отансүйгіш адам ретінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты алсақ болады. Н.Ә.Назарбаев жастайынан үздік оқып өзінің білімі мен ақыл ойының арқасында бір ел басшысы лауазымына дейін көтерілді. Кенжелеп қалған мемлекетті даму дәрежесі жоғары елдермен теңестірді.
Біз жас ұрпақ, отансүйгіш азамат ретінде елімізге кішкене болса да өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Ол үшін Елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясына біркісідей атсалысумыз керек.
Қазақстанның, Елбасының, Астананың мерейі мәңгіге биік болғай.

Кенже Қалдарбек Әуезұлы

1998 жылы 27 шілдеде Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылында дүниеге келген.
Қожамберді ауылында №162 орта мектептің 10-сынып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

26 COMMENTS

  1. Елбасымыздын арқасында еліміз даму дәрежесі жоғары елдермен теңесті. Президентімізге мың алғыс.

  2. Елбасымыздың ел тізгінін қиын-қыстау кезде қолға алғандығы одан шығу жолдары керемет жазылыпты.

  3. Елбасының саясатын қолдайдын жас буын. Талабына нұр жаусын.

  4. Елбасымыздың жасампаз саясатын тәатіштеп жазыпсың саған мың да бір рахмет.

  5. Жарайсың өте жақсы жазылыпты. Қаламың ұштала берсін.

  6. Шебер жазылған екен. Тағы да осындай шығарма кездестірейік

  7. Жаксы жазылыпты. Мойкада жургенде машиналар коп келсин.

  8. Жақсы жазылған шығарма. Саған тек шығармашылык табыс тілеймін.

  9. Маған қатты ұнады. Саған шын жүректен табыс тілеймін.

  10. Жарайсың!!!!! Өте жақсы жазылған шығарма. Тек алға!

  11. Жарайсың. Тамаша жазылған мақала. Елбасымыз туралы осындай шығармалар көп болғай!

  12. Расында Елбасымыз болмағанда елимиз ең дамыған 50 елдің қатарында болмас еди.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА