22.11.2024

25 мамыр, ұстаздың шері

25 мамыр оқушылар мен ұстаздарға мереке іспетті. Баршамыз осы күнді тосамыз, қуанамыз һәм жеңілдейміз!

Мен ұстаз болғалы бес жыл! Бесінші мәрте 25 мамырды ұстаз іретінде қарсы алғалы тұрмын. бірақ, берері мол мамандықтың беделі жүректі ауртады. Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын ұстаздарға, – депті Қазақтың ардақты ұлы Мағжан. Бүгінгі ұстаздар төрің қайда? Төр тұрмақ құлағың тыныш, дауадан басың аман болса, соған игі дейтін күйге жеттік.

 Үйінде тәрбиесіз бала көшеде тентектік істесе де, опасыз отбасы тәрбиелеген ұятсыз ұрпақ ұятты тірілі жасасада, біреудің баласы сабақ оқымай екі алсада, қыл аяғы жыл аяғындағы ҰБТ да білімін көрсете алмаған, дайындығы нашар балаға да ұстаз кіналі.

Бұл күнде ұстаз демекке ғана атымыз болмаса, кейде бәзбіреулер бізді жекелік қызыметшісі секілді елестетері хақ. Сол бәзбіреудің ішіне есерсоқ оқушы да, ессіз ата-анада кіреді. Бұрын ұстаздан таяқ жесек те өзімізді кіналап ержеткен едік, бүгін ұстаз ұрмақ түгіл ұрысса да, ұстаздың өзі жазаланар күйге түстік. Әр ұстаз (ұстаз деген атқа лайық болса) ұлтымың ұрпағы жаман болмасын, – деп шырылдары ақиқат та. Сол бәзбіреудің бетімен кеткені соншалық, кейінгі жылдары оқушы ұстазын ұрыпты десе де,  таңғалмас күйге жеттік.

Қош! Бұл қоғам бетімен кеткені баршамызға анық та шығар, себебі, қай жағынан қарасақта ұстазына құрмет көрсетпеген ұрпақ ұлтын керек етсін бе? Әй, бірақ осындай тас бүйректер емес пе, өз атасын қарттар үйіне қаңғыртатын, оған мен өкпелеп не марқадам таппақпын?

Айтпақшы бетімен кеткені соншалық ұстаз дегенді сайқымазақтың кейіпкеріне айналдырды бүгінгі жұрт. Басқа емес баланың тәрбиесіне арналған балапан телеарнасында ұстазды келемеждеу кімге үлгі? Балапанды ашсам Еспанов Нұрланның ессіз тірліктерін көргенде зығырданың қайнайды. Ұлттық арнадан «айналайын» деп аталатын айналудан садаға телесериялын көрсете қалса, қор болған ұстаздың күйін көріп қаның басыңа секіріп кетеді, әйтеу жастығымыз шығар, тек есеңгірейміз де тынамыз, жығылмаймыз!

Ой, айналайын есерсоқтар-ай, құрметтемесең қой, қорламашы, – дейсің сонда. Жұлдыз емес қоңыздың тірлігі секілді. Ұстазды сайқымазақтың кейіпкеріне айналдырмас бұрын өзіңді тәрбиелеген ұстаздан ұялмадың ба? Әй, қайдам ұстаздың қадірін біле ме? Білсе құрметі басқа болар еді ғой. Балапаннан балаға осыны істе кейін мектепке барғанда деген өнегесі ғой ол бишаралардың.

Бірді айтып бірге кеттік-ау. қайтеміз? жыл бойы баптаған бәйгемізді аламанға қосып қиқулап отырар шағымыз еді ғой. бірақ біз ше?

Біз бүгін есепсіз есептердің (отчот), қисынсыз қағаздардың қамымен, қамы деймін-ау, қайғысымен жүрміз! Қай ата-ана дау шығарады, қай мекеме тексеріп жетеді, – деп қалт-құлт етіп жылды аяқтап келеміз!

Иә, әуелгі айтпағымнан алыстап барамын-ау шамасы. Менің айтпағым бұл күнде қанша нәтижелі, маңдайдағы бағы бес елі ұстаз секілді көрініп, бөрі аштығын білдірмес, итке жүнін қампайтар болып одырайып жүргенімізбен, біздің де күйіміз шамалы. НЕГЕ? осы жерде анығын жеткізбек үшін жеке бастағы эмоциялық көңіл күйге ерік бермес бұрын, бір суреткерлікке барып көрелік:

Мен еңбек еткен бес жылдан бері, жыл басы немесе тоқсан басы маған үлкен шабыт силайды, Әр тоқсанға бір үлкен межемен кіремін. Межелі тұсымды толық бағындырмасам да, маңайлап жығыларым анық. Солай күрсепен келеміз, Алла сәтін салса алда талай биіктің үші манаурап қана тұр. Бағындыру басты мінтет те. Бірақ, мен үшін мектепке жолағым келмей кететін бір сәт бар, тіпті дәл сол күні сау бол білім саласы, – дегім келеді, ол сәт – тоқсанның соңы немесе жыл соңы. Әттең, дей алмаймын! Тіпті іштегі ар мен жүректегі махаббат жібермейді де. Онда неге тоқсан соңында тосырқайсыз дейтін шығарсыз? Ал, онда тыңдаңыз!

Тоқсан соңы, баға сұраған баланы көргенде, білім керек емес тек басқалар сынамас баға үшін жүрген ұрпақты көргенде, пайдасыз пайыздардың соңында жүрген, күйкі тірліктегі әріптестерді көргенде, жыл бойы бетіңді көрмеген ата-ана баласын сен оқытпай қойғандай сіз неге 3 қоясыз? – деп зіркілдеп тұрған ата-ананы көргенде, баласының бсындағы біліміне емес, жағалап жүіп сұрап, ұрлап-қарлап алған бағасына ғана қарайтын ақымақ жұртты көргенде, арыны қатты дауылдай, ұстаздарды қорқытқысы, үркіткісі келетін баласының ертеңіне балта шапқан әке мен шешені көргенде түңілмей қайтесің?

Арныңды бас ата-ана сенде ұстаздан тәрбие алмап па ең? Санаңда сәуле боп ұстаздан алған ұлағатың болса ұрпағыңа келешек силар ұстазға қарадай ұрынба, – деп айқай салғың келеді. Әй, бірақ, ондай жігер қайда ата-ана түгіл баласына айқайлар дәрмен жоқ қой біз пақыр да…

Осындайда оқушылардың сіздің әйтуге, бүйтуге құңыз жоқ, – деп тұратын жаттанды сөзі келеді еске. Иә, шынымен де бізде құқық жоқ. Қызыл кітапқа енген және енбей қалған біраз жануаррларды да қорғау заңы бар. Баланың құқын қорғайтын заң да, ұйым да бар. Бірақ, біздің құқық таптамақ түгіл, өзің тапталып қалсаңда сені жоқтап алар бір заң жоқ. Ең болмағанда білім туралы заңда жазылған бір тармақ болса, ол да бізді міндеттеген тармақтардың желісі.

Кімге өкпе артпақпыз? Білмеймін шынында, кейде түсінбеймін…

Ех, тағы да келді 25 мамыр! Тастап-ақ, кеткім келеді осы жұмысты…

Әттең бірақ… мамандығымды тсатай алмаймын… Мектептен кетейін десем, қазақ баласына керек секілденемін де тұрамын…

Арыныңды бас ата-ана! Баға сұрама бала…. сау болыңыз!

Аятжан Ахметжан

-ЖАРНАМА-spot_img

6 COMMENTS

  1. Ащы да болса шындык осы! Окиништиси соган коздерин жумып карайды барлыгы! Устаз- робот сиякты(((

  2. Құрметті редактор мырза! Өте орынды жазыпсыз! Барлық мұғалімнің мұңы да, зары да, соры да осы айтылған мәселелерге тіреліп тұрғаны ақиқат! Менің айтарым, ұстаздық ұлы жолды таңдаған әріптестерім осы қиындықтардың бәрін жеңіп, абыройлы қызмет атқарып, төккен маңдай терінің жемісін көрсе екен деген тілек! Тағы да қосарым, мақалыңызда грамматикалық қате көп екен. Әрине, Сіз филология пәнінің емес, химия мұғалімісіз. Дегенмен де, мақалаңызды оқитын сауатты оқырмандардың (олардың ішінде өз оқушыларыңыз да болуы мүмкін) толып жатқан қатені көріп, “Біздің балаларымызға сабақ беретін, бойына білім нәрін құятын мұғалімнің сиқы осындай ма?!” – деп ойлауы мүмкін ғой! Сондықтан, тез арада мықты корректор жалдап, сайтқа жіберілетін әр материалды екшеп отырсаңыздар жақсы болар еді. Құрметпен тарих пәнінің мұғалімі Ербол, Павлодар қаласынан

  3. менің де мектептегі ұстаздарымды көріп жаным ашиды((((( 1 сыныпта 30 бала 30 түрлі мінез… Неліктен тым құрығанда қағаз отчеттердің санын қысқартпайды?…

  4. Саламатсыз ба! Кешіріңіз, бірақ мақалаңызда грамматикалық қателер кездеседі екен. Жалғыз өзіңіз шырылдап қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді жоя алмайсыз ғой. Тәрбие отбасынан басталады. Неше түрлі отбасынан шыққан балаларды жөнге салу қиынға соғар.

  5. Қәтесін білмеймін,Бірақ зар-мұңын,ащы шындығын көрдім.Бәрі рас.Бүгінде Ұстаз аты жоқ,Ұстаз жоғалған күні бәріде бітеді.Бір күні бәрін жоқ қыламыз,содан отырамыз.Тып-типыл.бірақ айналамызды берекетсіздік,сауатсыздық, Мен,Мен дейтін менменшілдер,көрсоқырлар,өте аянышты ұрпақ қалады.
    Тілде жоғалады,Ұлтта жоғалады.Мұның бәріне Сіз біз кінәліміз. Ауруыңды дер кезінде емдеп қаралмасаң ауруың меңдеп,асқынып бар тұла-бойыңды шарпиды.Індет жайлап кетеді.Бұл олқылықтың бәрін,
    Алайда Сізбен Біздің бір-бірімізді сыйласудан,бере алған тәрбиенің жөнді екенінен,Мынауың жөнсіз дегенге көнугуден,мойындаудан,кешірім сұрап ізеттілікпен,Үлкенді үлкен деп,Кішіні кіші демей,кіші болсада қызметін сыйласудан,барлық адамды бір-бір тұлға ретінде сыйласудан,сізбен біздің жіберген олқылықтарымызды қайтадан Сізбен біз болып,тәрбиені қолға алуға болады,Оған ең бірінші тәсіл сыйластық.Қандайма қызмет аралықта болсын,күнделікті қоғам арасында болсын темірдей тәртіппен тәрбие керек.Қазіргі бізге келген басты індет “Құртамын,жоямын”,деуі.Бір ақшабастылыққа сүйену,көке-дөкелерге арқа сүйеу.
    Мейлі,Мұғалім болсын,хатшы болсын,ата-ана болсын,дүкенші болсын,бәрініңде
    Кім кімге қызмет көрсетеді ,сол қызметшіні басып жаншу,бәйедеп сөздерменде жазалау түптің соңында қызметшілердің құқын таптау,болып табылады.Еткен қызметін бағаламай,өздерінің жөнсіз сөздерін яки іс-әрекеттерін дұрысқа шығару арқылы,қызметшілерді тағыда айыптап кете барады.

  6. Бұдан ұтарымыз жоқ,қайта санасыз,тәрбиесіз ұрпақ қалады.Өзіңді ата-ана деп бір күні сыйласпай ,ұрып- қорқыту,тонау тб келеңсіз жәйттерге өз қолдарымызбен табыстап берумен аяқталады.Жолының нашар жолға түсуіне басты себепкері боламыз.
    Бізге тәрбие керек,сыйластық керек, оқу-білім керек,Осыны күнде үйден айтып отыратын ата-ана керек,сөзге құлақ асатын бала керек,мектебінен ерінбей,жалықпай еткен төкке еңбегін аямайтын,бар жақсылықтың жаршысы болған Ұстаз керек!,,
    Бұдан

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА