22.11.2024

29 Шілде 2015, 20:53 Павлодарлық түлек химия пәні бойынша Дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль иеленді

Павлодардағы ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 2015 жылғы түлегі Қабылда Әділ химия пәні бойынша 47-ші Дүниежүзілік олимпиадада алтын медальді қанжығасына байлады, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасынан.
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен олимпиадада 75 елден келген 300-ге жуық оқушы білім сынасты.

Қабылда Әділ 2015 жылы өткен республикалық олимпиаданың химия пәні бойынша алтын медаль, Мәскеу және Ереван қалаларында өткен халықаралық Менделеев олимпиадасының екі мәрте күміс медаль және Вьетнам елінің астанасы Ханой қаласында өткен 46-шы Дүниежүзіліколимпиадасының күміс медаль иегері атанған болатын.

Оқушысының жеңісі оның ұстазы, химия пәнінің мұғалімі, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі Ордабаев Алмасқа ортақ. Дарынды ұстаз оқушыларын түрлі зияткерлік жарыстарда 49 мәрте жеңіске жеткізген. Оның ішінде: 26 – облыстық, 13 – республикалық және 10 – халықаралық дәрежеде. Алмас Ордабаевтың өзі химия пәні бойынша халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың бірнеше мәрте жүлдегері.

Әділдің зияткерлік жетістіктері – ғылыммен айналасудағы арманының алғашқы бастамасы. Бүгінде ол ТМД елдерінің кез келген жоғарғы оқу орнына емтихансыз қабылдану мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ Әділ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті грантының иегері.

ҚазАқпарат

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА