22.11.2024

Астанада «Мектепке жол» акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласында  2015 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» VIII дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізіледі, деп хабарлады astana.gov.kz.

Акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен  жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  көмек беру.  Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының  алдын алуға бағытталған.

«Мектепке жол» атты республикалық қайрымдылық акциясының ашылуы 2015 жылғы 3 тамызында сағат 11.00-де Астана қаласының Министрліктер үйінің 3 кіре берісінде, 4 қабатта, конференц-залында өтеді.

Баспасөз мәслихатында «Дар» қоғамдық қоры  тұрмысы төмен отбасыларының 10 баласына, оқушы сөмкесі мен оқу құралдары жиынтығын сыйға тартады.

Айта кету керек, 2014 жылы осы Акция кезенінде 7667 балаға,  68506,2 мың теңге сомасына, оның ішінде  5958 балаға, 47664 мың теңге көлемінде демеушілер тарабынан көмек көрсетілді.

Іс-шараларға Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қоғамдық бірлістіктер, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қоғамдастықтары және тағы басқа ұйымдар атсалысады.

Акцияның барысында төмендегі іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда:

– бірінші сынып оқушыларын құрметтеуді ұйымдастыру («Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және т.б.), әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының бірінші сыныпқа баратын балаларына қайырымдылық іс-шара;

– тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін ірі сауда үйлерінде  мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату бойынша «Мейірімді қолдар» акциясы;

– «Отбасынан отбасына» қолдау: «Баланы мектепке дайындаймыз», «Балаларға мейірім сыйла» қайырымдылық акциялары;

– ағымдағы жылдың 22 және 23 тамыз күндері мектеп жәрмеңкесін ұйымдастыру көзделіп отыр.

Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қала алаңдары мен басты көшелеріне акцияның логотипі мен жедел желі телефондарының нөмірлері бейнеленген баннерлер мен билбордттар орнатылады, ұйымдар мен мекемелерге, автобус аялдамаларына, базарларға, сауда орталықтарына акцияның логотипі мен «жедел желі» телефондарының нөмірлері бейнеленген плакаттар орналастырылады.

№ 7, 52, 76 метептерде (14.08, 21.08, 28.08, 3.09) айына екі рет баланы мектепке орналастыру бойынша мамандардың кеңесі және заңгерлік көмек көрсетіледі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА