22.11.2024

Ахмет Байтұрсынұлы. ҚАЗАҚТЫҢ ӨКПЕСІ

Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана қайғы кіре бастады. Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен басталғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпеледі. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп хүкіметке өкпеледі. Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген деп өткендерге өкпеледі.Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па – соны жазбақпын.Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Атадан алған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас, тең заманда қазақ та қалт-құлт етіп, өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекеттің жанында өз алдына хан болып тұруға көп күш керек екен; ол күш алтыбақан ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын қарашыға теңгеру жеңіл болмаса да, өз алдына жұрт болып тұра алмайтұғын болған соң, хандарымыз халқыменен Россияға қосылған.Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну – білмегендік. Әуелі, қазыналық етемін дегенде көнбеске шара жоқ. Екінші, жер өзінде болса, қазаққа пайдалы емес, бөле болар еді. Жер өзінде болған естек жұртын көрмей жүрміз бе? Жері көп, малы көп естек көрінбейді ғой. Шаруа бай, жерден айрылған соң жұмыс біткені. Естекті жұрдай ғып, түбіне жеткен – надандық пенен жалқаулық. Шай, шекер, шүберектей болмашы нәрсеге естектер жерін тауысты. Жерден айрылып, шаһар тозып тентіреп кетті, кетпегені кедейліктен жүре алмады. Тұрған шаһарының көшесін сыпыратын, қораларын қалайтын, отынын жаратын, боқтығын таситын, ірі қара жұмысын қылатынның бәрі болмаса, көбі (башқұрт).Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем де-кем. Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейді ……кім айтар?

Айтатын адам болса, тыңдауға бармын, қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны – жер Бүгін тойғанына мәз болып, ұмытқан қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жерді жалдау- сатудан да тартынбайды. Жер қазына алған соң сата алмады, жалдаудан тартынып қалған шығар. Қазақ облыстарындағы Мұжық қалаларына көбіне хакім қондырған жоқ, қазақ өзі қондырған сықылды шай, қант, шүберекке қызығады.Мұжықты ішіңе кіргізген өзің емес пе? Өзің қондырғаның дұрыс та, хакім қондырса, бұрыс па? Өткендердің қылау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қылауды қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұртиғаннан өнбейді. Іс оңға басарлық қылығың жоқ. Ғама- үзет, түземесең, ешкімге кінә қойма! Беті жаман айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға ілесуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз.
Аға жолдасы – надандық, өнерсіздік қазір қазақтан матын емес. Надандықтың кесапаты әр жерде-ақмаңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты. Сонда да соны ғылым, өнерден ар-тық көрерміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін қазақ ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар?
Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым менен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.
1911 жыл

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА