22.11.2024

Элективті курсы: «Астанам, асқарымдай көрінесің!»

№1 жұмыс КОНКУРСҚА!

Астанам, асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің.
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау, ұтылмасым, жеңілмесім.
Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Біздің бүгінгі Астана қаласының көшелері бойынша ұйымдастырылатын экскурсиямызға қош келіпсіздер!
12509018_560976904055102_4712892065655748584_nАйналдырған 18 жылдың ішінде ару Есілдің екі жағалауы да сұлулыққа кенелді. Бүгіннің бейбіт қаласы, болашақтың ұлы шаһары болып саналатын және уақыт өткен сайын өсіп жайнайтын қала – Астана!
Вокзал алаңы – қаланың ең басты көлік торабы. Вокзал алаңы темір жол вокзалының қасында орналасып, алаңнан Біржан Сал көшесі бастау алады.
12540893_560976930721766_1458466848987689193_nВокзал алаңының дәл ортасына назарларыңызды аударсаңыз, «Бата» су бүріккішін көре аласыз.

Қалаға кірер тұста орналасқан «Бата» мүсіні – ақ жол, сәт сапар тілегінің символы. Қазақ халқында адам ұзақ жолға шыққында, үлкен кісіден «бата» алады. Ол батаның құдіреті жолаушыға күш беріп, сақтау мен көмек беру. Ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан бұл салт-дәстүр қазіргі күнге дейін жалғасуда. Ізгі дәстүрге сай, “Бата” мүсіні жолаушыға деген ізгі тілектің бейнесі. Ескерткішті ішкі жан-дүние мен ғалам шегі-босаға түрінде жасау арқылы автор ойын ұтымды жеткізген. Босаға – жол басы, өмір белгісі – бесік пен береке-бірлік белгісі – тайтұяқты қалқандап тұрған дөңгелек тақта – ай мен күннен қуат дарытып тұратын алып күш, тәңірден қуат алу белгісі. Мүсін қола мен тастан жасалған, авторы Арман Бектасов. Ашалған уақыты – 2000 жыл.
12523038_560976860721773_8759304805760533078_n• Солға назар аударсаңыздар «Паровоз Эш-4161» ескерткіші.

Теміржол вокзалы маңындағы алаңда республикадағы көне паровоз Эш-4161 ескерткіш ретінде орнатылған. Бұл паровоз 1923 жылы Швецияда жасалған. Кезінде Кеңес өкіметі осындай паровоздардың 1 мыңына тапсырыс берген екен. Эш-4161 Қазақстан темір жолдарында 60 жыл қызмет етті. Сұрапыл соғыс жылдарында ұрыс алаңдарына жақын маңайларға да тасымалдаған. Қазақстан теміржолының 100 жылдығы мерейтойына орай паровозды ескерткіш ретінде орнатуды ұсынған ҚР-ның президенті Н. Ә. Назарбаев. Эш-4161 Батыс Қазақстаннан әкелінген.
• Экскурсиямызды жалғастыра келе, Астана қаласының Теміржол вокзалын көре аламыз. Алдыға назар аударуыңызды сұраймын.

1919083_560976994055093_6770834866553076688_nВокзал ғимараты 1961-1964 жж. салынғанымен,оның қабырғасына: «1954 жылдың 5 наурызында СОКП үндеуімен осында Ленин комсомолы өкілдерінің бірінші эшелоны – тың игерушілер келіп жетті» деген жазуы бар ескерткіш тақта қағылып, сақталған. Жолаушылар санының өсуіне және теміржол жүгінің көптігіне байланысты 2003 жылы вокзал жаңадан салынып, жұмысын жалғастырды. Күніне теміржол вокзалы арқылы 4500 адам, ал жылына шамамен 1.700.000 адам жолаушылап кетеді. Вокзал ақпарат тақтасы, қадағалау бейне жүйесімен, VIP-залдар, дәмхана және мини-маркетпен жабдықталған.
Аталған әдістемелік жұмыста Астана қаласының Вокзал алаңы, Біржан сал көшесі, Жеңіс даңғылы, Желтоқсан көшесі, Кенесары көшесі, Республика даңғылы, А.Бараев көшесі, Ж.Ташенов көшесі, А.С.Пушкин көшесі, Абылай хан даңғылы, Қ.Мұңайтпасов көшесі, Отан қорғаушылар алаңы, Тәуелсіздік даңғылы, Б.Момышұлы көшесі, М.Жұмабаев, Петров, Л.Мирзоян көшелері, М3 көпірі, Сығанақ көшесі, Түркістан көшесі, Достық көшесі, А. Байтұрсынов көшесі, Тұран даңғылы, Сарыарқа көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы, Бейбітшілік даңғылы, І.Есенберлин көшесі бойымен жасалатын экскурсия мәтіні жинақталды. Аталған жұмыс Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастыру үшін көмекші құрал болып табылады.

Кудабаев Нурдаулет Алибекұлы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
№63 мектеп-гимназиясы
nuraga_90.03@mail.ru

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА