26.11.2024

Ширек ғасыр құтты болсын, Ұлы елім!

Отанымыз Қазақ елінің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!  Рухы асқақ,тұғыры биік мерекемізге 25 жыл! Екінші мүшелі. Нағыз ердің жасы, мақсаттардың басы. 

Осы тәуелсіздік үшін қыршыннан қиылып, желтоқсанда жанын берген, азаттықтың бастауына айналған «жетоқсан көтерілісінің» 30 жылдығы! Ел елі үшін жанын берген жастарын ұмытпақ емес, елі үшін құрбан болған жастарымыздың жаны пейіште шалқысын! Арамыда жүргендердің ерлік рухы бәрімізге үлгі болсын!

Ұлт үшін азаттық пен тәуелсіздіктен артық тағы қандай қасиетті нәрсе болмақ деген екен тәуелсіздік жолында оза шауып, шоқтай жанып, арманда қалған есіл ерлеріміздің бірі де, бірегейі қайраткер Мұстафа Шоқай. Ата-бабаларымыздың асыл арманы болған Тәуелсіздік үшін Махамбетше айтсақ, «қабағына қарыс сүйем мұз қатып, бұзбай бұлан пісіріп, мұз үстіне от жағып, Еділ үшін егесіп, Жайық үшін жандасып» жүріп білектің күшімен найзаның ұшымен талай ерлеріміз күрес жүргізіп, саналы, тіпті бүкіл ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған Арқада Ахмет пен Міржақып, шығыста Әлихан, Түстікте Мұстафа, Батыста Халелдер, желтоқсанда шындық жырын жырлаған қазақ жастарының қандары төгілді. Ұлт болам деп ұйысып талай сүттей төгілген, өркениеттің көшіне ілескен Қазақ елінің Тәуелсіздігі тұғырлы болсын! Баянды болсын! Азаттығымыз бен Тәуелсіздігіміз Мәңгі БОЛСЫН!

Жасампаз елі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстанның жолы болсын! Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Республикалық “QAZBILIM” орталығы ұжымы!

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА