22.11.2024

Аятжан Ахметжан. Пән олимпиадасы

Кешегі уәдем бойынша пән олимпиадасы туралы әріптестердің сұрақтарына толық ойымды айта кетейін…
1. Аудандық пән олимпиадасы неге екінші тоқсанда?
Ж: Бұл уақыт талабы, бізде бұдан басқа уақытты шегеруге жол жоқ. Себебі, Халықаралық олимпиада уақыты халықаралық пән олимпиадасы комитеті жағынан сәуір айының аяғы мен мамыр айының басқы уақытына, дүниежүзілік пән олимпиадасы шілде айына белгіленген. Яғни, сәуір айының басына дейін республикалық құрама жасақталып бітуі керек, сондықтан бізде республикалық пән олимпиадасы наурыз айының ортасында өтіп жеңімпаздар құрамаға қабылданады. Соған сәйкес, облыстық олимпиада қаңтар айына, аудандық олимпиада желтоқсан айына, мектепішілік олимпиада қараша айына белгіленген. Бұл, дарынды балаларды тәрбиелеу және жетілдіру методикасына сай қойылған. Яғни, әр кезеңнің олимпиадасының аралық уақыты бір айдан қысқа болмау керек.

2. Пән олимпиадасындағы ұрлық туралы…
Ж: Ар мен ұят кейінге шегеріліп, жемқорлық пен таныстық салтанат құрған жүйеде кіршіксіз бәсекелестік жасау мүмкін емес. Бірақ, ғылми жобаға қарағанда пән олимпиадалары таза өтеді деуге болады. (Бұл жерде мемлекеттік тізімдегі пән олимпиадалары туралы ғана айтып отырмын.)
Бір шындық, пән олимпиадасында ештеңе жоқ оқушыдан бар жасауға, ал, бәрін жазып толтырған оқушыны құлату өте қиын. Егер сұрақтардың бәрін өзі шешіп отырған сауатты бала болса онда ол апелляцияда қазының танауын тартып кететіні анық. Нақтырақ айтқанда, дайындығы мықты оқушы бәрібір өз жүлдесін алады егер бабы шауып тұрса.

3. Пән олимпиада бағдарламасының қиындығы неге жоғары?
Ж: Біріншіден, пән олимпиадасы дарынды балаларға арналған, сол үшін де ол стандарттан әлде қайда тереңдетілген әдеңгейде болуы заңдылық та!
Екіншіден, аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадалары халықаралық және дүниежүзілік пән олимпиадасының іргетасы ретінде сол олимпиадалардың деңгейіне біртіндеп жақындай түсу керек, яғни халықаралық деңгейде мәреден көрінеміз десек, пән олимпиадасының қиындық деңгейін төмендетуге қақымыз жоқ.

4. Пән олимпиадасын ұйымдастырушы тараптың (ДАРЫННЫҢ) қателігі.
Пән олимпиадаларын ұйымдастыруда мектеп базасында өткізу пән олимпиадасының әділетсіз болуының басты себебі болып тұр, яғни /пән олимпиадасын өткізуші мектеп қандай да жолмен өз оқушыларына көмектесудің, өз «тұлпарларының» оза шабуына жағдай жасайды, көшіргенін немесе сырттан көмек жасатуға күш салады. Бұл әлділетсіздіктің басты түйінін алып келеді. Екіншіден, өткен мектептен қазылар алқасына тамақтан бастап, ксерокс қағазынан, зертханалық жұмыс жасайтын пәндер үшін зертханалық дәрі дәрмектер де сол мектептің базасынан шығатындықтан мектеп орын міндетсінетіні анық, өзіне бұрығысы келетіні де шындық.
Сол үшін пән олимпиадасы ешқашан мектеп базасында өткізбеу керек. Аудандық деңгейде аудан орталықтарында колледж базасында әйтеуір сол олимпиадағы тәуелсіз білім мекмелері бар ғой, соның базасында өткізу керек. Мысалы, Астана қаласында екі бірдей оқушылар сарайы бар, неге сонда өткізбеске? Оқушылардың пән олимпиадасын өткізбейтін оқушылар сарайы кімге керек? Не үшін мектепте өткізіп бұра тартуға жол береміз!
Ал, облыстық олимпиадалар облыс орталықтарында өткізілетіндіктен онда университет болса да, оқушылар сарайы болса да мүмкіндік жетерлік, қалай да мектеп базаларынан құтылу керек.

5. Қарапайым мектептердің пән олимпиадасына бала жіберердегі ең үлкен қателігі.
Мектепте жасыраты жоқ көбінде сол пәннен «5» деген баға алып жүрген баланы жібере салады. Бірақ, стандартты беске оқитын бала сол пәнді беске біледі деген сөз емес. Жоғарыда ескерткенімдей, олимпиада материалдары стандарттан мүлде тысқары тереңдетілген материалдар оған кез келген олимпиадалық сұрақтарды бұрын шешіп көрмеген баланың шамасы келмейді. Ал, беске үздік оқып, сол пәнді жақсы көріп жүрген бала олимпиадаға барып нөл немесе айтуға ұяларлық баға алған оқушы сол пәнді мүлде жек көріп кетуі мүмкін. Тіпті, өзгелердің алған балына күмәнмен қарайды, әділдікпен емес деп қарайды, бұл балаға кері тәрбие, өте нашар көңіл күй сыйлайды.
Сол үшін кез келген мұғалімге, кез келген ата-анаға айтар өтініш, егер баланы олимпиадаға дайындамасаңыздар, дайындығы болмаса жай барып кел деп жібере салудан аулақ болыңыздар…

Бұл тұрғыда ҚТЛ бастаған олимпиадада үздік жетістікке жетіп жүрген мектептердің жүйесін мойындау керек, үйрену керек, себебі бала біздің болашағымыз. Бір жылы 7 сынып оқушысымен облыстық олимпиаданың 10 сыныбынан жүлдегер орынан көрінгенде жұрт ойланып қалып еді. Мәселе дарынды баланы тарбиелейтін, ғылымға баулудың, бағыттаудың жолы болып саналатын, ұлттық ғылымға, ұлтқа үлес қосатын балаға немқұрайлы қарауға ұйымдастырушы тараптың да, дайындаушы тараптың да немқұрайлы қарауға қақысы жоқ.

P.S. (Пән олимпиадасымен ұзақ жыл үздіксіз айналысқан, республикалық, халықаралық деңгейдегі жүлдегерлер тәрбиелеген тренер, дарынды балаларды анықтау және пән олимпиадасына дайындау бағытында магистрлік жұмыс қорғаған маман, біраз олимпиадаларда қазылық еткен адам ретінде пікір айтуға құқым бар деп есептедім. Артық кетсем кешірерсіздер)))

Жазба автордың фб әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды. 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА