22.11.2024

Егер мұғалімнің беделін шын қорғағымыз келсе, мұғалім құқы мен беделі туралы заң қабылдайық

Соңғы кездері биліктің қол­ға алғанәрбір қадамы халық назарында. Әсіресе, білім беру саласының бүгінгі жағдайынаалаңдаушылық білді­ретіндер аз емес. Себебі білім саласы біржақты көз­қарасты қажет етпейді. Са­ладағы бірқайнауы ішіндегі реформалар халықарасында ашықтанашық айтылып жүр. Осы ретте, са­ланың жанжарасынбілетін, биліктің алдына білімдегі бастымәсе­лелерді бүкпесіз баян­дап жүргенұстаз Аятжан Ахмет­жанмен сұхбатқұрдық.

   Аятжан аға, білім беру саласы та­лай­ реформалардың көзін көріп, түр­ленген саланың бірі. Әлі де сол бағытта келеді. Талай министр осы саладан ысы­рылды. Қалай ойлайсыз, реформа­ның нәтижелілігі министрге байланысты ма?

   – Қарапайым тілмен айтайын. Реформаны үйге жасайтын жөндеу жұмыстары деп қарайық. Егер сіздің қолыңызда қандай да бір материал болмаса, жұмысыңыз жүрмейді. Бі­лімдегі реформалар да осылай. Ма­териалдық база дұрыс болмай, қолға алынған реформа жемісін бермейді. Әрине, білім саласы осы күнге дейін бірнеше реформалардан өтті. Нәти­жесі министрге байланысты деп ашы­ғынан айтуға болады. Министр өз ко­мандасын жасақтайды. Сол білім са­ласын алға жетелейтін мамандардың білігі мен білімі саланың дамуына әсер етеді. Әзірге нақты бір нәтиже тура­сын­да айтуға ерте.

   – ҚР Білім және ғылым министрлігін басқаруға Ерлан Сағадиев келгелі бері жаңартылған білім беру моделіне қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтыл­ды. Ең арғысы, әлеуметтік желілер ар­қылы министрді жекпе-жекке шақы­рып, видеосауалнама жолдаған жағ­дайды көз көрді. Бұл елдегі білім беру саласының беделіне көлеңке түсірмей ме?

   – Әрине, көлеңке түсіреді. Бұл жерде екі жағдайды ескеру керек. Алғашқысы, үштілділік бағдарлама­сының толыққанды түсіндірілмеуі. Екіншіден, құжаттағы ақылға сыймайтын жобалардың болуы. Осы екі жағдай қоғам қайшылығын туғызды. Онсыз да беделі нашарлап кеткен білім саласының беделіне көлеңке түсіргені жасырын емес.

   – Сіз айтқан мәселе өз алдына, қазіргі жұрт білім беру бағыты десе, саладағы басы ашық сұрақтарды төтесінен қояды. Өзіңіз де талай ретбасты тақырыптарды мін­белер­ден көтеріп жүрген ұстазсыз. Бүгінде білімберу саласындағы реформаларды ретке келтірудің жүйелі жолы бар ма?

    – Тәуелсіздік жылдардан бері 14 министр ауысып үлгеріпті. Бірақ, әр­бір министрдің өз тұсында аяқтамай кеткен жұмыстары бар. Аяқсыз қал­ған жұмыс­тар­дың салдарынан біздегі білім саласы толыққанды былыққа бат­ты. Әркім саланы өзінше сүйреді. Мұның шешімін табу керек. Біздегі әлсіздік – жүйенің жоқ­ты­ғы. Кез келген уақытта соғыста жеңіс­ке жету үшін мықты әскер мен техника ке­­рек. Бұл да осыған әкеліп тұр. Білім са­ласын жақсартамыз десек, орта білім бол­сын, жоғары оқу орны болсын, бі­рінші ұстаздардың сапасы туралы ойлану керек. Екінші, материалдық шарт жағ­­­дайын жақсарту қажет. Қаншама су­пер­жобаларды алып келсек те, мықты мұғалім мен материалдық база болмай ісі­міз кері кетеді. Мәселен, шалғай жат­қан ауылдардағы мектептерді ала­йық. Осы мектептерде ағылшын тілі­нен мұ­ға­лім таппай отырғанда үштіл­ді­лікті енгізу әу­месерліктен шыққан дү­ние. Бұл тек мектеп деңгейінде ғана емес. Жоғары оқу ор­нында да ахуалдың оңып тұрғаны шамалы. Мен өзім химикпін, талай мектептер мен университеттердің жұмысына қа­нықпын. Қазақстандық университеттердің зертханалық жағдайы ХХІ ғасырды көтермейді. Осыны біле тұра, алдымызға үлкен міндеттерді қою құр бекершілік.

    – Мұғалім білімін көтеру, материалдық базаны жақсарту жолында билікқы­руар қаржы қарап жатыр емес пе? Сонда қаржының қайтарымынқайдан іздейміз?

   – Рас, қарап жатыр. Ұстаздың білім деңгейін көтеруде мұғалімдерді қайта даяр­лау курстары деген дүние бар. Мақсат – жаңартылған білім беру мазмұнына бейімдеу делік. Ұстаз білік­тілігі дегенді қысқа курстармен шеше алмаймыз. Бір ай­татыным, түпкі тамырды ойлауымыз ке­рек. “Бүгін ұстаздыққа кім барып жатыр? Кімдерді біз ұстаздыққа тарта алып жатырмыз?” де­ген сауалдарға жауап іздеу керек. Егер ұстаздық жолға көлденең көк ат­ты бара беретін болса, мектепке келген ұстаздың бәрін қайта оқытуға мәжбүр боламыз.

 – “Мұғалiм интеллигенция болған дә­уiр кеттi. Мұғалiм қазiр интеллигенция емес” деген екенсіз бір сұхбатыңызда. Бұл сөзіңіз болашақ мұғалім мамандығын таңдайтын жастардың қанатын кеспей ме?

   – Кешегі дәуірде аталы сөзді ақсақалдар жастарға “мұғалім бол” деп бата бере­тін заман еді. Қазір “мұғалім бол” деген ба­­та емес, қарғыс ретінде естіледі. Бұл ме­нің емес, ел аузында айтылып жүрген әңгіме. Мұғалімдікті аң­сап баратын жас­тар кемде-кем. Жастардың мұғалімдікке бару-бармауы менің сөзіме қарап тұрған жоқ, оның себебін білімдегі былықтардан іздеу керек. Қандай жолмен болса да, жастарды мұғалімдікке тартудың жобаларын қарастыру қажет.

    – Мәселен, нақты бір ұсыныстарыңыз бар ма?

   – Қарапайым дүние, педагогикалық бағытты таңдайтын студенттерге ерекше басымдық беру керек. Өзге салада білім алатын студенттерге қарағанда мұғалім болатын жастардың шәкіртақысын жоға­ры қойып, тегін жатақханамен қам­тама­сыз етуді қолға алсақ. Ол біреулерге қы­зық емес болуы мүмкін, кейбір балалар үшін бұл жеңілдіктер біраз мәселенің басын қа­йырады. Егер артық шәкіртақы тө­лей­тін болсақ, мұғалімдік қызметке бар деп міндеттей аламыз. Несін жасыра­йық, қазір мұғалімдікке түсіп, жақсы оқы­­ғандар басқа мамандықтарға кетіп қалады. Мектепке ең соңында жұмыс тап­­пағандары ғана барады. Біз өйт­кені оларды міндеттей алмаймыз. Өзіңізге белгілі, ауыл квотасымен барған жастардың ауылда жұмыс істеуіне жолдама беріледі. Педагогикалық бағыттағы маман иелеріне де осындай үлгі болуы шарт.

   – Ұстаз дегеннен шығады, көбіне-көп ұстаздар қауымы ойын ашық айтып, аза­маттық позициясын айқын таныта бермейді. Ашып айтатындары аз. Бұл мұғалімдерді қоғам алдында тек тапсырма орындаушы ретінде көрсетіп қойған жоқ па?

   – Жалпы, қоғам самарқау болған кез­де мұғалімдерден аса бір белсен­ділік күту керек емес. Қоғамдағы кез келген салада қызмет ететін азамат ойын ашық айта ала­тын, тек мұғалімдер жасырынып қа­латын болса, онда мұғалімнің беделіне нұқ­­сан келеді деп айтар едім. Өзіне се­нім­ді емес адам көлеңкесінен қорқып өмір сүреді. Бі­лім саласындағы жемқорлық мұғалімдерді көлеңкесінен қорқытып тастады. Өйткені мұғалімдер айлық­қа жан бағып жүргендіктен жұмысынан айы­рылып қалғысы келмейді. Айлығын бас­­қа саладан шеше алатын байшыкеш адамдар қорықпайтын шығар, ал қалт-құлт етіп жүрген мұғалімдер олай жасай алмайды.

  – Мұғалімдер мәселесі айтылып та, жа­зылып та жатыр. Дегенмен, нақты қалқан болар жүйелі бағдарламаны әлі де көре алмай келеміз. Есіңізде болса, министр “мұғалімдер қоғамдық жұмыстарға жегілмейді” деп айтып еді. Алайда, бұл проблеманы ми­нистр шеше алмайтындығын қадап айттыңыз. Мұғалім кімге сенім артуы керек?

    – Мұғалімдер – екі кеменің басын ұс­таған жандар. Шынын айту керек, егер мұ­­ғалімнің шын беделін қорғағы­мыз келсе, мұғалім құқы мен беделі ту­ра­лы заң қа­­былдайық. Заң қабылданса, қосымша жұмыстардан құтқара аламыз. Жергілікті әкімшілікке барып, заңдық норманың бұ­зылғандығын алға тарта аласың. Еш­қандай құжаттық норма болмай тұрып, “мұ­­ғалімдерді қоғамдық жұмысқа жекпендер” деген сөзді министр айтты не, мен айттым не, бәрібір сөз. Мен үшін Са­ға­диев министр шығар, бірақ облыс әкімі үшін ол ешкім емес. Сол үшін мін­детті түрде заңдық норма, ресми құ­жаттың бол­ғаны дұрыс. Ресми құ­жатсыз ол айтылған сөз ғана.

    – Тек қағаз жүзінде, сөз ретінде қала бе­ретін болса, білімнің болашағын қалай бағалауға болады?

    – Дәл осындай дүниелер ғой бізді құр­тып тынатын. Ерлан Сағадиев мыр­заға де­йін де минис­тр­лер айтпады дей­сіз бе? Осыған дейін де ешқандай құжаттық негізі жоқ уәделерді үйіп төкті. Сондықтан болар, бұл күндері ресми билікке қарапайым халық сеніңкіремейді. Үй­ре­ніп қалған. Егер бұл жолы заң бекімесе, ке­­лесі министр тоқсан құбылтып айтса да, ешкім сенбейді. Себебі сөз бен істің ара­сында алшақтық басым.

    – Министр демекші, бірнеше уақыт бұ­рын бас педагог Ерлан Кенжеғалиұлымен блогер ретінде кездесіп, сауал жолдаған екенсіз. Министр алдында нендей мәселелерді қозғай алдыңыз.

     – Министрмен екі мәрте кездес­тім. Екі бағытта әңгіме өрбіттік. Бірі – тілдік статус мәселесі. Ал, екін­шісі, мұғалімдер­дің құқығын қорғау туралы заң қабылдау ту­расында. Екін­ші рет кездескен сәтте министрдің кейбір көз жетпейтін дүниелеріне көз жет­кіз­дік. Жиында мұғалімдердің артық жұмысқа жегілетіні өте көп айтылды, жоғарыдағы министрдің ауы­зы­нан шығып жатқан уәде соның жемісі болса керек. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде “сен жақсы, мен жақсы” деген шы­ғарып салу жағы басымырақ. Мен осы са­­лаға келгелі, өзім қандай жағ­дай­ға тап болсам да, ашық айтудан қаш­қан азамат емеспін. Ол азаматтық парызым. Ол үшін қызметтен кетермін, бірақ ол мәселені шешудің жолы емес.

    – Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға қарсы азаматтың бірісіз. Сонда бұл мүмкін емес нәрсе ме?

    – Мүмкін емес. Толық кесіп айта ала­­мын. Мен басқаны айтпай-ақ қоя­йын. Астанадағы мектептердің жағдайын 100 па­йызға білемін. Елордадағы 95 мектеп­тің ішінде химия пәнін қа­зақ тілінде то­лық беретін 20 мұға­лім, ағылшын тілінде 5 маман шықса, әрең шығады. Қалған 70 мектептің мұғалімдері әне-міне зейнеткерлікке жақындап отыр, қалғандары “кіріп-шығып” жүр­ген мұғалімдер. Әри­не, бұл сөзіме әріп­тестерім ренжімесін. Алайда, айтпасқа амал жоқ. Осындай жағ­дайда отырып, «ағылшын тілінде жүр­гі­зіледі» деп талап қою күлкі ша­қы­ратын дү­ние. Дәл қазіргі жағдайда химия пәнін ағылшын тілінде жетік бі­летін маман мектепке бармайды. Онсыз да шет тілін бі­летін хи­­миялық технология мамандарына сұ­ра­нып тұр. Әлі де ескі әсірешіл­діктен ары­ла алмай келеміз. Мұғалімдерге 3 ай ішінде ағылшын тілін үйретіп шығатын болсақ, оқушыларды 11 жыл оқы­ту­дың ке­регі не? Бұл әлгі түйенің мұр­­нын жұ­дырықпен тесу деген сөзді еске түсіреді.

  – Елбасы жыл басында министрлерді сынап алады. Биылғы Жолдауда Президент қала мен ауыл мектептерінің ал­шақ­тығын жоюды тапсырды. Министр­лік мә­селелерді аз уақыт ішінде қалай ше­шіп үл­ге­реді? Ауыл мектептеріне алаңдаушылық әлі де бар ғой…

   – Сұмдық есептер бар. Сала мамандарымен кездесу кезінде де неше түрлі есептерді байқадым. “Біздің облыста үш­­­тілділікке 50 мектеп дайын” деген есептерді көзіміз көрді. Бірақ та, есепте көрсетілген жұмыстардың нақтысын білу үшін көптеген мектептерге барып, мұ­ғалімдермен сұхбаттастым. Олай емес. Тек есеп. Шала-пұла жұмыстардың қорытындысына келгенде, билік Ел­басының алдында үздік деген бірнеше мектептерді көрсетіп, тапсырманың орындалғанын баяндай салады. Мұнымен мәселе шешілмейді.

   – Енді сынақ мәселесіне оралайық. Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты да жақындап қалды. 13 жыл бойы айналымда болған тестілеудің биыл форматы өзгерді. Тиімділігі бар деп санайсыз ба?

  – Жаңа форматқа көшуді толық қолдаймын. Себебі тестіні жаңартпасақ болмай кетті. 13 жыл бір жобаны ұстап отырдық. Арзан сенсация қуа­тын журналистер Ұлттық тест кезінде шу шығаруы мүмкін. Ілік іздеп жү­ретін журналистердің барын білеміз.

   Ұстаз ретінде айтатыным, минист­р­лік жаңа мазмұнда бір ғана кем­шілік жі­бер­ді. Ол материалдардың тапшылығы. Ұлт­тық тестілеу орталығы жаңа формат­қа сәйкес материалдарды жарыққа шы­ғарған жоқ. Оқушылар жекеленген дү­ниелерге жүгіріп кетті. Материалдың уақытында шықпауын сәл де болса кешеуілдетті.

  – Аятжан аға, өзіңіз республикалық “Қазбілім” орталығының директорысыз, жақында бірнеше кітабыңызды оқырман­ға ұсындыңыз. Жаңа авторлық сайтыңызды да ашып үлгердіңіз. Әдетте, ұстаздар шығармашылықпен айналысуға уақыт таппай жатады. Жан-жақты болудың арнайы жоспары бар ма?

   – Ахмет Байтұрсынұлының мына бір сөзі ойыма оралып отыр. “Біреу жұмыс жасаймын десем көршім жаман дейді, біреу жұмыс істеймін десем шартты жағ­дайым жоқ деп айтады, бірақ түрмеден жайсыз, түрмеден қолайсыз орын жоқ. Онда да жұмыс істеуге болады. Неше томды түрмеде де жаздық қой” де­ген. Оның қасында түрмеде жүрген жоқ­пыз, еркіндіктеміз. Сылтау айтуға қа­қылы емеспіз.

   “Сен не тындырдың?” дегенге жа­уап беруіміз қажет, қоғамда құрғақ сөйлеп жүр­сек, азаматтығымыз емес, айуандығымыз басымырақ болып кетеді. Табысқа жетпейтін адам кез келген уақытта өзін ақтайтын сылтау табады. Сылтаудан арылатын кезең келді.

     – Ашық әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Қызылорда облысы “ұстаз мәтребесі” газеті

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА