22.11.2024

Ерлан Сағадиев. Жаңа оқу жылынан бастап үш пәннің сабақтары музейлерде өтеді.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейлерде өткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып, Қазбілім порталы тілшісі.

“География, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл іс-шаралар тек қана жағдайы бар жерлерде өткізеледі. Дегенмен, Қазақстанның музейлері күзге дейін дайын болуы керек. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, музейлерді қажетті теxникалық құралдар – проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз ету керек. Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс”, – деді Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігімен тиісті кеңестер өткізілетін болады. Сол кезде жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары үшін музейлерде сабақ өткізу мәселесі жан-жақты пысықталады.

Айта кетейік, министр Сағадиев бұған дейін мектеп тариxындағы ең үлкен ата-аналар жиналысын өткізуге мүдделі екенін жариялаған болатын. Алайда аталған шараның нақты уақытын айтпаған. Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: “Осы сәтті пайдалана отырып, министрліктің 12-ші мамырда ата-аналардың республикалық жиналысын өкізуді жоспарлап отырғанын айтқым келіп отыр. Бүгінде ата-аналар жиналыстарына адамдардың қатысу деңгейі өте төмен, адамдардың тек 10 пайызы ғана қатысады. Енді, мамырдың 12-сі күні, барлық мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына ата-аналарды жиналысқа уақытында жіберуге Үкімет тарапынан тапсырма беруді сұраймыз. Осы жиналыста мектептердің қамқоршылық кеңесін сайлау мен білім саласының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр”, – дейді Сағадиев мырза.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА