22.11.2024

EXPO-2017 аясындағы мәдени достық

         Бүгін  Қазақстандағы Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен «Цияңсу тану» мәдениет аптасы басталды. Бұл шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай және  EXPO-2017 Халықаралық көрмесі аясында өткізіліп отыр. Мәдени шара барысында Ұлттық музыка ансамблінің, Цзянсу қыздар ұлттық аспаптар оркестрінің және Цзянсу өлкесінің танымал өнерпаздарының қатысуымен концерттер қойылып, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылмақ.  Ал біз өз кезегімізде бүгінгі шараның  басты кейіпкерлері қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып қайттық.

         Жаң Шй Йуе, Ұлу қабыршығы мүсіндеу өнерінің және ұлттық бұйымдарының мұрагері, ұлттық өнер зерттеу академиясының суретшісі: «Менің ұлу қабыршығы мүсіндеу өнерімен айналысқаныма 30 жылдан асты, өнер туындыларымның саны 2000-нан асады. Ұлу қабыршығы мүсіндеуінің екі түрлі әдісі бар. Жапсырмалы мүсіндеу – жобалап дайындалған көп бөліктерден құралатын Ұлу қабыршығын құрастырып , әрлеп, бояу беру, жарықтандыру сынды тәсілдермен түзіліп шығады. Тікелей қашау – мәнерлеу, сырлау, жылтырақ беру сынды тәсілдер арқылы өзінен-өзі жарату болып табылады. Ұлу қабыршығы мен сырлауды бірлестіріп көркем табиғи туынды жасауға болады.

         Менің бұл көрмеге арнайы алып келген туындым «Жібек жолы» деп аталады. Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолынан бері қарай жалғасып келе жатқан  байланысымыздың куәсі ретінде ерекше ықыласпен дайындадым. Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымда еліміздің мәдениеті мен ұлттық мүсін өнерін таныстырып жатқаныма өте қуаныштымын».

         Джиуаң Ху Жиаңсу, асқабақ мүсіндеу өнерінің мұрагері, ұлттық өнер зерттеу академиясының суретшісі, республикалық өнер жарыстарының бағалаушысы:

         «Мен өз туындыларымды өнер және кәсіп көзі ретінде бағалаймын. Бұл өнер маған атамнан және әкемнен мұраға қалған. Сондықтан өмір есігін мүсінші болып аштым  десем артық айтпаймын. Бүгінде жеке шеберхана ашып, еліміздің әр өңірінен жинап шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Асқабақ мүсінінің ең басты ерекшелігі туындыларымыз ғасырдан-ғасырға жетіп, мың жылға жуық еш бүлінбей тұра береді. Ол үшін де сапалы, піскен асқабақтарды таңдай білу өте маңызды. Асқабақты безендіру кезінде мен Қытай халық аңыздарын негізге алып, оған жаңа заманға сай өз қиялымды қосып жасап шығарамын. Ал қазақ халқына  бұл жолы «Жер Ана» атты туындымды сыйға тартпақпын. Бәріміз бір Жер шарында өмір сүргендіктен, ешқандай ұлтқа, дінге, дәстүрге бөлмей ортақ тұрағымызға айналған Жерді Анаға балап, баласын бауырына басқан ыстық құшағын суреттедім. Сіздердің EXPO-2017 көрмесінің символы ретіндегі «Болашақ энергиясы» шары менің ойымды құптап, бар әлемнің халқын өзіне шақырып тұрғандай әсер берді. Болашақта Қазақстанға тағы да келуді жоспарлап қойдым. Өйткені, сіздерден үйренерім көп екеніне аз уақыттың ішінде көзім жетті».

         Аталған шара барысында 2013 жылдан басталған ҚХР-ның «Бір жол, бір белдеу» саясатының дұрыс жолға қойылып, қарқынды дамып жатқанына біз де көз жеткіздік. Екі елдің мәдени қарым-қатынасының алдағы уақытта жалғасын тауып, бұдан әрі өркендей беретініне сеніміміз мол!

Меруерт Алтай

KAZBILIM.KZ

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА