22.11.2024

Ақтөбелік колледждер жетім балаларға тиесілі шәкіртақыны бермей келген

Ақтөбе облыстық прокуратурасы орта арнаулы білім беру мекемелерін тексерді. Нәтижесінде 14 миллион теңгеге жуық қаржының негізсіз жұмсалғанын анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Бас Прокуратураның тапсырмасымен облыстық прокуратура білім саласындағы бюджеттің мақсатты игерілуін тексерді. Орта арнаулы оқу орындарындағы мемлекеттік тапсырысты қараған прокурорлар бірнеше заңсыздықты анықтады.

«Қызмет көрсету құнын негізсіз көтеріп, оқымайтын студенттерге ақша аударылғаны анықталды. Сонымен қатар, жетім балаларға тиесілі арнайы шәкіртақы берілмей келген. Барлығы 49 студентке өздеріне тиесілі 4,3 миллион теңге шәкіртақы аударылды. Сонымен қатар, студенттер мәжбүрлі түрде жұмысшылар кәсіподағына мүше болып, ай сайын жарнасын төлеп отырған. Колледждерді тексерген соң бюджетке 13,9 миллион теңге қайтарылды. 50 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, техникалық, кәсіптік оқу орнының 4 лицензиясы уақытша тоқтатылды»,- деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА