22.11.2024

Мектеп оқушыларының ойындағы үлгілі ұстаз бейнесі қандай?

Есіл ауданының мектеп оқушылары «Заманауи мұғалімді қалай елестетемін» атты тақырыпта эссе  жазудан байқауға қатысты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Шара Мемлекет басшысының Жолдауына орай Президенттің «Педагогтың статусы туралы» заң әзірлеп, қабылдау туралы тапсырмасына байланысты өткізілді.

Байқауға Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов бастамашы болды. Шараға қолдауды білім басқармасының «Жаңғыру орталығы» мен № 84 мектеп-лицейдің басшылығы білдірді.

«Жаңғыру орталығы» аудандағы үздік филологтардан құралған комиссия құрамын ұйымдастырды. Әділқазылар мүшесі күзгі демалыс кезіндегі шығармашылық жұмыстарды тексереді. Байқауға Есіл ауданының барлық мектебіндегі жоғары сыныпта оқитын оқушылар қатысты. Олар қай тілде жазатынын өздері таңдайды.

«Эссені жазғысы келетіндердің барлығы жазады. Ол жерде тіл басты орында емес. Бастысы олардың заманауи мұғалімді қалай елестетіп, қалай көргісі келетіндігінде. Бұл біз үшін маңызды. Біз заманауи мұғалімнің бет-бейнесінің параметріне жақындағымыз келеді. Сол себепті балаларға осыны айтуға мүмкіндік бердік», – деді № 84 лицейдің директоры Зәуре Жүсіпова.

Байқауға ұсынылған эсселердің қорытындысын Есіл ауданының әкімдігі күзгі демалыстан кейін шығарады. Жеңімпаздар аудан әкімінің диплом, сыйлықтарымен марапатталады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА